• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Сәуір, 2016

Қостанай облыстық ішкі істер департаментінің бастығы ауысты

370 рет
көрсетілді

ҚОСТАНАЙ. 12 сәуір. Қостанай облыстық ішкі істер департаментінің жаңа бастығы таныстырылды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Ішкі істер министрінің орынбасары, полиция генерал-лейтенанты Марат Демеуов облыстық ішкі істер департаментінің жеке құрамына департаменттің жаңа бастығы Бекет Иманұлы Аймағамбетовты таныстырды. Полиция полковнигі Бекет Аймағамбетов бұған дейін Жамбыл облыстық ішкі істер департаментін басқарған. Қостанай облыстық ішкі істер департаментінің бұрынғы бастығы Тілеген Маткеновтың қандай қызметке ауысқаны әзірге белгісіз. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, фото: Қостанай облыстық ішкі істер департаментінің бастпасөз қызметі.