• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
13 Сәуір, 2016

ҰБТ: екінші мәрте тапсырғандар

294 рет
көрсетілді

білім грантына ие болмайды Ата-ананың үкілеген ұлы мен қызы­нан күтер үміті – ұлттық бірыңғай тесті­леуде жақсы нәтижеге қол жеткізіп, білім грантын жеңіп алу. Биылғы жылы тестілеу 2-15 маусым аралығында өтеді. Сүрінген жағдайда қайта тапсыруға мүмкіндік бар. Алайда, сынақтан екінші мәрте өткендер білім грантына ие бола алмайды. – Тестіні қайта тапсыру 25 тамыздан басталады. Ережесі талапкерлердің кешенді тестілеу емтиханына толық сәйкес келеді, – дейді Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталы­ғының директоры Қали Әбдиев. Ұлттық бірыңғай тестілеуге байланысты психолог мамандар да өз ойларын айтып жатыр. Олардың пікірінше, мектеп түлегінің тестілеуде жақсы нәтижеге қол жеткізуі тікелей ата-анаға да байланысты. – Тестілеуге дайындық барысында барлық ата-ана баламен достық қарым-қатынаста болуы тиіс. Сенімсіздік таныту баланың бойында үрейдің пайда болуына әкеледі, – дейді психолог Назым Үйсенбекқызы. Айта кетейік, алғашқы тестілеуден өте алмай қалғандар екінші мәрте тапсыру үшін мемлекет белгілеген қаржыны төлеуі тиіс. Ол шамамен 2000 теңге көлемінде. Төребек ТҰРМАНОВ.