• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
19 Қаңтар, 2011

Ғалымдар «Нұр Отанның» бастамасын қолдайды

408 рет
көрсетілді

Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары акаде­мия­сының президенті Нұртай Әбіқаевтың төрағалығымен өткен кезекті төралқа мәжілісінде академия мүшелері Елбасы Нұр­сұл­тан Назарбаевтың өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту бойынша референдум өткізу бастамасын қолдау мақсатында құрылған «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының «Қазақстан-2020» атты демократиялық күштердің жалпы­ұлт­тық коалициясына кіретіндігін мәлімдеді. Мәжілісте сөз алған төралқа мүшелері Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назар­ба­ев­тың өкілеттігін ұзарту туралы референдум өткізуге қолдау біл­дір­гендердің саны 5 миллионнан асуы елдің Елбасына ерекше құр­метін әрі оған деген сенімін көрсететінін атап өтті. Елбасы Қазақстанды бас­қар­ған алғашқы жылдан бастап өзі­нің көреген басшылығы мен сарабдал саясаты арқасында әлем­дік державаларды мойындатқан тұлға ретінде, елдің әлеуметтік-экономикалық және рухани-мә­де­ни дамуына пайым-парасатын, күш-жігерін аямай жұмсап келеді. Отанымыздың білімі мен ғылы­мына деген көрегендік көзқарасы тым ерекше. Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында білімді дамыту­дың 2011-2020 жылдарға арнал­ған мемлекеттік бағдарламасы Ел­басы Жарлығымен жүзеге аса бастады. Еліміздің онжылдықта алар асуы айқындалған бағдарла­мада отанымызда білімді ұрпақты оқытып, тәрбиелеп өсіру мәсе­ле­лері айқындалған. Әсіресе, да­рын­ды жастарды әлемдік аты шық­қан университеттерде оқыту идеясының авторы да Нұрсұлтан Әбішұлы екенін әрбір қазақ­стан­дық ерекше мақтанышпен айта­ды. Ғылым мен инновацияны ке­ңінен дамыту күн талабы екенін дөп басқан Елбасы, ғылымды дамытуды өрістету мақсатында қар­жыландырудың бірнеше тетіктерін ұсынып, ғылыми жобалар­ды іске асыру үшін тікелей ға­лымдардың өзіне берілетін грант­тық қаржыландыруды ұсынды. Мұны ғылыми көпшілік көптен күткен еді. Ұзақ мерзімге бағдар­ламалар жасауда Президенттің кө­регендігін бірден байқауға бо­лады. Еліміздің ғылыми-иннова­циялық өркендеуіне бағытталған үдемелі индустриялық-иннова­ция­лық даму мемлекеттік бағдар­ламасында адами капиталды да­мытуға мықтап ден қоюы елі­міздің ертеңін ойлаған басшының ғана қолынан келетін шаруа. Парламент Мәжілісінде мақұлданған «Ғылым туралы» заң жобасында елдің болашағы үшін аянбай ең­бек етіп жатқан ғалымдардың мәр­тебесін арттыруға баптардың ен­гі­зілуі тікелей Елбасының тап­сыр­масымен орындалғанын отан­дық оқымыстылар орынды мақ­тан етеді. Біздер, ғалымдар, Ел­басының 2030 жылдарға дейінгі кезеңге ар­налған стратегиялық жос­­парларын іске асыруға мүм­кіндік беруіміз керек деп есептеймін. Сондықтан, Ұлттық жа­ра­ты­лыстану ғылым­дары акаде­мия­сы­ның референдум өткізу мақса­ты­н­да құрылған коа­лицияға кіруін қол­дауларыңызды сұрай­мын, деді осы академия­ның вице-президенті, академик Кәрім­бек Құрмана­лиев. Мәжілісте шығып сөйлеген төралқа мүшелері Б.Әбдірәсілов, Н.Бектұрғанов, Е.Омаров, С.Мау­сымбаев және басқалар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту бойынша референдум өткізу бастамасын қолдау мақ­сатында «Нұр Отан» халық­тық-демократиялық партиясының бастамасымен құрылған коали­цияға академияның кіргенін жөн көретіндігін және қолдайтын­ды­ғын тілге тиек етті. Ұсыныс бірауыздан қабыл­дан­ды. «Егемен-ақпарат».