• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
13 Сәуір, 2016

Арулар алғаш рет әскери мамандыққа қол жеткізеді

278 рет
көрсетілді

Елімізде алғаш рет қыз балалар әскери мамандық алып шығады. Осы жылы Қорғаныс министрлігінің бастамасы бойын­ша барлық азаматтық жоғары оқу орындарындағы әскери кафедраларда студент қыздарға арналған мамандықтар ашылды. Әскери кафедраға оқуға түсу үшін олар медициналық куә­лан­дырудан өтіп, денешынық­тыру даярлығы бойынша нормативтер мен психологиялық тес­тілеу тапсыру қажет. Ал барлық көр­сеткіштер комиссия отырысында қаралады. – Әскери кафедрада білім бере отырып, біз қыздарға бірден Қарулы Күштерінің офицері ретінде өзін айқындауға мүмкіндік береміз. Ол үшін Қазақстандағы барлық жоғары оқу орындарынан әскери ма­мандық аштық. Оқу аяқталғаннан кейін барлық үйренушілерге «запастағы лейтенант» әскери ата­ғы беріледі және олар автоматты түрде Қарулы Күштерінің жұмыл­дыру резервіне енгізіледі, – деді Қорғаныс министрлігі білім және ғылым департаментінің бастығы Айгүл Төлембаева. Айта кетейік, аталған маман­дықты игеру барысында қыздар ер балалармен бірге саптық, жауынгерлік даярлық, жарғы, әс­кери топография секілді пәндерді оқып, осы бағыттағы ғылыммен айналыса алады. Талғат РАЙЫМБЕК, «Егемен Қазақстан».