• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
19 Қаңтар, 2011

Мен де миллиондар қатарындамын

446 рет
көрсетілді

Алла тағала адамзатты бірінші жаратып, жер жүзіне жіберген күннен бастап ақыр заманға дейін бүкіл әлем жұршылығы тыныш­тықта бір-бірімен тату тірлік ор­натып, ынтымақпен өмір сүру керек деп айтқан. Міне, содан бері мыңдаған ғасырлар өтсе де, дү­ние жүзінде әртүрлі жағдайлар қы­лаң беріп, көптеген елдерде бір-бі­рімен талас-тартыс, күш кө­рсету, жауласу сияқты келіспеушіліктер болып жатыр. Осы жағ­дайларды көрген біздің Елба­сы­мыз Нұр­сұл­тан Назарбаев Қазақ­станда тұра­тын этностардың ба­сын қосып, Қазақстан халқы Ассамблеясын құр­ды. Бұл Ассам­блеяның Қазақ­станға берген жемісі көп болды. Бірлік, ынты­мақ­тың арқасында эко­номикамыздың деңгейі көте­рі­ліп, ТМД-да бірінші болып дағ­да­рыстан шықтық. Мұның бәрі біз­дің Елбасымыз­дың тура саясаты мен ел басқару жүйесіндегі тұ­рақ­тылықтан деп білемін. Ол барлық уақытта тыныштық үшін, өз елі үшін, керек болса бүкіл әлем халықтарын бірлікке шақырып, ынтымақ туын көтеріп жүр. Екінші бір жағдай, еліміздегі барлық ұлттың басын қосып бә­ріне бірдей құқық беріп, өз мә­дениеттеріңді, тілдеріңді, салт-дәстүрлеріңді ұмытпаңдар деп, олардың арасынан тоғыз депутат сайлаудың өзі үлгі, баға жетпес іс емес пе! Осының бәрін мен өз көзіммен көріп, өз құлағыммен естіп, осындай парасатты Президенті бар мемлекетте өмір сүріп, бала-шаға өсіргеніме өте қуаныш­тымын. Елбасының өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту жөнін­дегі бастаманы қолдаған миллиондар қатарында мен де бармын. Қожахмет АЙСАЕВ. Шымкент.