• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Сәуір, 2016

«Ақ жолдың» 10 томы

584 рет
көрсетілді

оқырманға жол тартты Алаш партиясының қайраткерлері туралы бүгінде аз жазылып жүрген жоқ. Былтыр ғана 100 жылдығын атап өткен, исі қазақтың, Ахмет Байтұсынов сөзімен айтқанда, «көзі, құлағы һәм тілі» болып табылған «Қазақ» газеті жабылған соң, 1920-1926 жылдары Ташкентте «Ақ жол» газеті ашылып, оқырманға жол тартқан болатын. Жақында осы газеттің жинақталған нұсқасы «Қазақпарат» баспасынан 10 том кітап болып шығып, республика бо­йынша кітапханалар мен оқу орындарына таратылды. Оны қазіргі емлеге аударып, баспаға әзірлеген – халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, Шымкенттегі Саяси қуғын-сүргін құрбандарына ар­налған музейдің директоры, өткір мінез, отты өлеңдерімен танылған ақын Ханбибі Есенқарақызы болатын. Сондай-ақ, 1922-1923 жылдары не­бәрі 8 саны жарық көрген «Шолпан» (қа­зіргі «Жұлдыз») журналының да то­лық саны жарық көрді. Бұл журнал Өзбекстанның архивінен табылса, «Ақ жол» газеті – Алматы, Ташкент, Мәс­кеу мұрағаттарынан талмай іздену нәти­же­сінде қолға тиіп отыр. Ханбибі Есенқарақызы алғашында «Ақ жолдың» 10 кітабын өз күшімен шығара бастайды. Ары қарай мүмкіндігі жетпейтінін байқап, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына келіп, жағдайды айтады. Небәрі үш адамның осыншама қыруар еңбекті жасағанына таңданған министр: «Мынау бір ғылыми-зерттеу институтының атқаратын жұмысы ғой, біз мұны мемлекет есебінен шығаратын боламыз!» – деп уәде етеді. Айтқанындай-ақ, министрліктің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша «Шолпан» мен «Ақ жолдың» 10 томын 22 мың дана таралыммен басылып шығуына ықпал етеді. Биыл Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында «Ақ жол» газетінің архивтен табылып жинақталған материалдары бұдан басқа тағы 10 томға жүк болмақ. Ал барлығын қосқанда келешекте 30 томды құрайды деп жоспарлап отыр ақын, зерттеуші Ханбибі Есенқарақызы. Раушан ТӘУІРХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан». ШЫМКЕНТ.