• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
19 Қаңтар, 2011

Ықпалдастық туралы келісім

506 рет
көрсетілді

17 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы – Литва Республикасының Сырт­қы істер министрі Аудронюс Ажубалиспен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы  Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. Литва сыртқы саясат ведом­ствосының басшысы Қазақ­стан­ның 2010 жылғы ЕҚЫҰ-дағы төр­ағалығын жемісті атқарғандығы ту­ралы айта келіп, қол жеткізілген же­тістіктерді жалғастыру мақса­тын­да Қазақстанмен тығыз ынты­мақтастық орнатуға ниетті екенін мәлімдеді. Ол қазақстандық төр­аға­лықтың бірқатар басымдық­та­ры, атап айтқанда, Орталық Азиядағы және ең бастысы, Қырғызстандағы жағдай литвалық төрағалықтың да басты мәселелері болып қала беретінін атап көрсетті. Қ.Саудабаев өзінің әріптесін ЕҚЫҰ Іс басындағы төрағалығына отыруына және литвалық төраға­лықтың инаугурациясының өтуіне орай құттықтай отырып, сабақтас­тық принципінің маңыздылығын растады және Литва тарапымен екіжақты негізде де, ЕҚЫҰ «үштігінің» шеңберінде де бірлескен үйлесімді жұмыс жасауға дайын екендігін жеткізді. Сонымен қатар, тараптар Қазақ­стан-Литва қарым-қатынасының жағ­дайы мен болашағын талқыға салды. Тараптар екіжақты ынты­мақ­тастыққа ағымдағы жылдың барысында жоспарланып отырған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Литва Президенті Далья Грибаускайтенің келіссөздері жаңа серпіліс беретініне сенім артты.