• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
21 Қаңтар, 2011

Жасөспірімдер қылмысы алаңдатады

697 рет
көрсетілді

Жамбыл облысы әкімдігінде Ел­­басы Н. Назарбаевтың «Қазақ­стан Республикасында құқық қор­ғау қыз­меті мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар ту­ралы» Жарлығын жас­өс­пі­рім­дер қыл­мысының алдын алу жә­не оған қарсы күрес жүргізу ая­сын­да жүзе­ге асыру мақса­тындағы құқық қор­ғау және мемлекеттік ор­гандардың ведомство­аралық кеңесі өтті. Онда талқыланған мәселе бой­ынша Бас Прокурор Қ. Мәми, об­лыс әкімі Қ. Бозымбаев, облыс про­куроры Б. Тайымбетов, облыс­тық ІІД басқармасы бастығының орынбасары М. Қожаев және бас­қалар сөйлеп, облыс аумағы мен оның орталығында жасөспірімдер қылмысының өсе түсуі алаң­датып отырғанына тоқталды. Облыста жасөспірімдер қыл­мы­сының жағдайы туралы лауа­зымды тұлғалардың қатысуымен бұдан бұрын да бірнеше рет кеңес өтіп, атқарылатын міндеттер белгіленген. Бірақ соған қа­рамастан, жасөспірімдер ара­сын­дағы қыл­мыс­ты жағдай күр­делі күйінде қалуда. Бұрнағы жылдан бері об­лыста аса ауыр қылмыс жасаған, оның ішінде кісі өл­тірген жас­өспірімдердің са­ны екі есе өскен. Әсіресе, бұл мәселе облыс орта­лығында өзекті мәсе­леге айнал­ған. Мысалы, кәмелет­ке толма­ғандар үлесіндегі қыл­мыстардың жартысынан аста­мы Тараз қала­сында жасалған. Қыл­мысты топ­тардың мектеп оқу­шыларын бопсалау арқылы ақ­ша жинау әрекеті әлі тыйылмаған. Кеңесті қорытындылаған Бас Прокурор жасөспірімдер қылмы­сына қарсы іс-қимыл және оның алдын алу саласындағы жұмыс­тың кемшіліктерін жою және осы саладағы шараларды ұйымдас­ты­ру жөнінде жаңа міндеттер қойды. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ. Жамбыл облысы.