• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
21 Қаңтар, 2011

Қадағалау қарымды болса игі

355 рет
көрсетілді

Бас Прокурор Қайрат Мәмидің қатысуымен Ақмола об­лыс­тық прокуратурасының кеңейтілген алқа мәжілісі өт­кізілді. Онда 2010 жылы атқарылған жұмыстардың қорытын­дысы талқы­ла­нып, үстіміздегі жылға арналған негізгі бағыттар айқындалды. Алқа мәжілісінде атап көр­се­тілгеніндей, прокурорлардың негізгі қызметі, әдеттегіндей, аза­мат­тардың құқықтарын және мем­лекет мүддесін қорғауға бағыт­тал­ды. Прокурорлық ықпал кету ша­раларының нәтижесінде 11,5 мың­нан астам адамның консти­туция­лық құқықтары қорғалып, 450 мил­лион теңге жалақы төлемі бой­ынша берешек өндіріп алын­ды. Осы орайда 98 лауазымды қыз­мет­кер жауапкершілікке тартылды. «Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы күрес туралы» заң талаптарын қадағалау ісінде 400-ден астам заң бұзушылық анықталып, 9 миллион  теңгеден  астам шығын мемлекет бюджетіне қайтарылды. Тексеріс нәтижелері бойынша 600-ден астам заңсыз актілердің, соның ішінде нормативтік-құ­қық­тық сипаттағы 18 құжаттың күші жойылды. Алқа отырысын қорытын­ды­ла­ған Бас Прокурор өңір про­ку­рорларынан әлеуметтік-эконо­ми­калық салада, оның ішінде аза­маттардың еңбек құқықтарын қам­­та­масыз ету бойынша, әсіре­се, экологиялық қауіпсіздікті қам­та­масыз етуге байланысты жер қа­тынасы, табиғат қорғау заңна­маларын қадағалаудың тиімділігін арттыруды талап етті. Сондай-ақ, барлық сипаттағы қылмыс­тардың алдын алу, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттерді күшейту, тағы басқа шұғыл іс-шаралардың ықпалды тетіктерін жетілдіруге бағыт­тал­ған тапсырмаларды дер кезінде әрі сапалы орындаудың басым ба­ғыттары белгіленді. Бақберген  АМАЛБЕК. Ақмола облысы.