Әділет министрлігінде Сот актілерін орындау комитетінің аймақтық департамент басшыларының қатысуымен кеңейтілген алқа мәжілісі болып өтті. Оны комитет төрағасы Г.Ким жүргізді. Баяндама жасаған төраға орынбасары С.Тоғаев республика бойынша сот шешімдерінің орындалу жайына, жемқорлықпен күрес барысына тоқталды.
Мұнан кейін сөз алғандар комитеттің қайта құрылымдану барысының табысты жүргізіліп, маман кадрларды жасақтау ісінің бүгінгі күні толық аяқталғандығын, жеке сот орындаушылар институтын енгізудің даярлық жайы туралы айтты. Аймақтардың экономикалық құрылымдарында өзіндік ерекшеліктердің бар екені ескеріліп, атқарушылық өндірісті тиісінше құру бойынша департамент басшыларына тапсырмалар берілді.
Мәжілісті қорытындылаған комитет басшысы халықтан түскен арыз-шағымдармен жұмыс істеуге және атқарушылық өндірісінің өзегі ретінде сот орындаушыларына баса назар аудару қажеттігін атап өтті.
«Егемен-ақпарат».