Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановты қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
О.Мұхамеджанов Президентті Парламент Мәжілісінің заң шығармашылық жұмысы, сондай-ақ «Нұр Отан» ХДП парламенттік фракциясының қызметі туралы хабардар етті.