• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Сәуір, 2016

Президент Жарлығымен Бас прокурор тағайындалды

324 рет
көрсетілді

АСТАНА. 25 сәуір. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Жақып Асанов Бас прокурор болып тағайындалды. Бұл туралы akorda.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Жақып Асанов 2012 жылы қыркүйек айынан бері Бас прокурордың орынбасары қызметін атқарды. Ол 1963 жылы 17 тамызда Қызылорда қаласында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Ұзақ жылдар бойы Қызылорда қаласының прокуратурасында жұмыс істеген. Сондай-ақ, Президент Әкімшілігі заңнама, құқықтық тәртіп және сот реформасын қамтамасыз ету бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарды. 1997-2005 жылдары – Бас прокурордың аға көмекшісі, әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасының бастығы, Бас прокуратураның мемлекеттік органдар іс-әрекетіндегі заңдылықты қадағалау департаментінің бастығы, Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары, Павлодар облысының прокуроры, Әділет вице-министрі. 2007 жылы Парламент Мәжілісінің IV шақырылымына депутат болып сайланған. 2012 жылғы қаңтардан бастап «Нұр Отан» партиялық тізімі бойынша V сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты болды. Талғат Райымбек. Дерек: akorda.kz. Фото: prokuror.gov.kz.