• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
25 Сәуір, 2016

Қызыл алаңда Ленин мен Пушкиннің тұрпаттастары төбелесіп қалды

340 рет
көрсетілді

АСТАНА. 25 сәуір. Ресей астанасының Қызыл алаңында туристермен суретке түсіп, ақша тауып жүрген Ленин мен Пушкиннің тұрпаттастары төбелесіп қалды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Кейін белгілі болғандай, екеуі суретке түсетін адамдарға таласып қалған. Алдымен «Ленин» Қызыл алаңда 15 жылдан бері тұратынын, адамдардың сонымен ғана түскісі келетінін айтқан. Сол кезде Қызыл алаңға жақында ғана келген «Пушкин» бұған келіспей, бір тепкен. Төбелес содан басталған. Бұған дейін Мәскеу метросының «Охотный Ряд» стансасында «Владимир Ленин» мен «Иосиф Сталин» төбелескен екен. Дастан Кенжалин. Дерек: egemen.kz Фото: euroasianews.ru