• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
25 Сәуір, 2016

Тәттіден уланған 23 адам көз жұмды

273 рет
көрсетілді

АСТАНА. 25 сәуір. Пәкістанның Пенджаб провинциясында тәттіге уланған 23 адам көз жұмды. Бұл туралы lenta.ru-ға сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Баласының туған күнін атап өтпек болған ер адам 4,5 кило «ладду» кәмпитін сатып алған. Салдарынан бұл өнімді пайдаланған әкесі, 11 туысқаны, достары және таныстары қайтыс болды. Кондитерлік өнімнің салдарынан тағы 77 адам зардап шекті. Оның бесеуі ауруханада ауыр халде жатыр. Мәліметтерге сәйкес, өткен аптада да осыған ұқсас оқиға орын алған. Полиция қызметкерлері кондитерлік дүің иелерін қамауға алды. Тергеу амалдарына сәйкес, көрші дүкендегі жөндеу жұмыстары кезінде қалған улыхимикаттар қосылып кеткен. Аян Әбдуәли. Дерек: lenta.ru. Фото: 24.kz.