• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
27 Сәуір, 2016

Қазақстан Республикасының Заңы № 505-V ҚРЗ

365 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология және жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-I, 141-құжат; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 1, 2-құжат): 1) мазмұнында 55-баптың тақырыбы алып тасталсын; 2) 1-бапта: мынадай мазмұндағы 11-1) және 11-2) тармақшалармен толықтырылсын: «11-1) гидрологиялық мониторинг – су объектілерінің жай-күйі туралы жедел және болжамды ақпарат алу мақсатында су объектілерінің жай-күйін және су объектілерінің мемлекеттік мониторингі жүйесінің құрамдас бөлігін тұрақты және (немесе) мерзімді байқау жүйесі; 11-2) диспергенттер – табиғи процес­тердің әсерінен бұзылуға дейін судың қабатында қала отырып, онымен барынша тиімді араласа алатын, мұнай дағының ұсақ тамшыларға бөлінуіне мүмкіндік беретін беткі белсенді заттар мен еріткіштердің қос­пасы;»; 34) және 43) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «34) қауiптi қалдықтар – құрамына бір немесе бірнеше қауiптi қасиеттерi (уыттылығы, жарылу қаупi, радиоактивтiлiгi, өрт қаупi, жоғары реакциялық қабiлетi) бар зиянды заттар кіретін және дербес немесе басқа заттармен қосылған кезде қоршаған ортаға және адамның денсаулығына тiкелей немесе ықтимал қауiп төндiруi мүмкін қалдықтар;»; «43) қоршаған ортаға эмиссиялар – ластаушы заттардың шығарындылары, төгiндiлерi, қоршаған ортада өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастыру, күкіртті қоршаған ортада ашық түрде орналастыру және сақтау;»; мынадай мазмұндағы 56-1) және 61-1) тармақшалармен толықтырылсын: «56-1) нормативтен тыс эмиссиялар – қоршаған ортаға экологиялық рұқсатпен белгiленгеннен артық эмиссиялар;»; «61-1) өз бетінше эмиссиялар – жылжымалы көздерден болатын эмиссияларды қоспағанда, экологиялық рұқсатсыз жүзеге асырылатын қоршаған ортаға эмиссиялар;»; 3) 17-бапта: мынадай мазмұндағы 8-2) және 24-2) тармақшалармен толықтырылсын: «8-2) жергілікті атқарушы органдардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асырады;»; «24-2) мұнайдың теңізге және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарына авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттердің тізбесін бекітеді;»; 29) тармақшада: үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «мұнайдың теңізге және Қазақстан Рес­публикасының ішкі су айдындарына авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттер тізбесіне енгізу үшін диспергенттерді айқындау жөніндегі әдістемені;»; мынадай мазмұндағы қырық төртінші абзацпен толықтырылсын: «мұнайдың теңізде және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарын­да төгілуін жою әдістерін қолдану қағида­ларын;»; 4) 22-бап мынадай мазмұндағы 3-тар­мақпен толықтырылсын: «3. Мұнайдың авариялық төгілуін жою әдістерін қолдану нәтижесіндегі эмиссиялар нормалануға жатпайды.»; 5) 25-баптың 1-тармағының 4) тармақ­шасы алып тасталсын; 6) 28-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Жекелеген көздер бойынша эмиссиялар нормативтерi эмиссиялардың техникалық үлестiк нормативтерiне теңестiрiлiп белгi­ленедi не санитариялық-қорғау ай­мағының шекарасындағы және жақын орналасқан қоныстану аумақтарындағы қоршаған орта сапасының нормативтеріне қол жеткізу мақсаттарын негізге ала отырып, есептеу және (немесе) аспаптық жолмен айқындалады.»; 7) 40-баптың 1-тармағының бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «IV санатқа өндiрiстiк объектiлердiң санитариялық жіктеуішіне сәйкес қауiп­тiлiктiң 5-сыныбына жататын қызмет түрлерi жатады.»; 8) 47-баптың 3-тармағының бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Осы баптың 1-тармағының 1) тармақ­шасында көрсетілген және осы Кодекстiң 40-бабында келтірілген объектілердің жік­теуішіне сәйкес жіктел­мейтін, қоршаған ортаға әсер ететін межеленіп отырған қызмет­тің жобаалды және жобалау құжат­тамасы IV санатқа жатады.»; 9) 51-бапта: 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу мiндеттi болып табылатын шаруашылық және өзге де қызмет жобаларын іске асыруды банктердiң және өзге де қаржы ұйымдарының мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысынсыз қаржыландыруына тыйым салынады.»; мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын: «7. Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының күшiн жою сот тәртiбiмен жүзеге асырылады.»; 10) 52-баптың 1-тармағының 8) тар­мақшасы алып тасталсын; 11) 53-баптың 6-тармағының 1) тар­мақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) мемлекеттiк экологиялық сараптама объектiсін жан-жақты және объективтi бағалау үшiн маңызы бар қосымша материалдарды осы Кодекстің 50-бабында белгіленген мерзім шегінде ұсынуды талап етуге;»; 12) 55-бап алып тасталсын; 13) 56-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның мемлекеттiк экологиялық сараптамасының сарапшылық кеңестерi туралы ережелердi, олардың персоналдық құрамдарын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның және оның аумақтық органдарының басшылары бекiтедi.»; 14) 79-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Табиғат пайдаланушылар Қоршаған ортаның ластануын кешенді бақылау және болдырмау жөніндегі Еуропа бюросының анықтамалықтарына енгізілген, ұсынылатын технологиялардың кез келгенін де таңдай алады.»; 15) 99-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспары мен осы жоспардың орындалуы туралы есеп нысанын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»; 16) 114-баптың 20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «20) қалдықтарды жинап қою мен жағу кезiнде атмосфералық ауаны қорғау жөнiндегi талаптардың сақталуына;»; 17) 130-баптың 2-тармағының 1) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «1) өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасын әзiрлеуге;»; «6) өндiрiстiк экологиялық бақылау процесiнде анықталған, Қазақстан Рес­публикасының экологиялық заңнамасын бұзу фактiлерi туралы қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органға үш жұмыс күні ішінде хабарлауға;»; 18) 144-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қоршаған орта мен табиғи ресурс­тар мониторингiнің бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiнiң шеңберiнде қоршаған ортаның жай-күйiн байқау, сондай-ақ талдау үшiн сынамаларды iрiктеу арнайы құрылған мемлекеттiк, аумақтық және жекеше байқау желiлерiнiң пункттерiнде жүзеге асырылады. Iрiктелiп алынған сынамалардағы ластаушы заттардың құрамын талдауды аккредиттелген талдамалық зертханалар және (немесе) автоматтық байқау пункттері жүзеге асырады.»; 19) 145-1-баптың 2-тармағы мынадай редак­цияда жазылсын: «2. Стационарлық және жылжымалы байқау пункттерінің қыз­метін ұйымдастыруды Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет жүзеге асырады. Жаңадан ашылатын байқау пункт­терінің орналасқан жерін (дислокациялау орнын) айқындау жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің шеші­мімен жүргізіледі. Көрсетілген байқау пункттерінің қызметін тоқтату Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің шешімімен жүзеге асырылады.»; 20) 154-баптың 2-тармағы мынадай редак­цияда жазылсын: «2. Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжаттама есепті жылдан кейiнгi жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 1 наурызына дейiн жыл са­йын электрондық және қағаз жеткiзгiштерде берiледi. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттама өзгерген жағдайда, ол қайта ұсынылады.»; 21) 199-1-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қазақстан Республикасында техно­логиялардың, көлік құралдарын қоспағанда, техниканың және жабдықтың қолданылуы қоршаған ортаға әсерін бағалау материалдарымен қоса осындай технологиялардың, техника мен жабдықтың қолданылуын негіздейтін жобалау құжаттамасына мемле­кеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде жүзеге асырылады.»; 22) 219-баптың 2-тармағы мынадай редак­цияда жазылсын: «2. Заттардың сапасының нормативтерін белгілеу талап етілмейтін мынадай сарқынды суларды: 1) жерасты сулары минералға қаныққан, ауызсу, бальнеологиялық, техникалық қажеттіліктер үшін, сондай-ақ ирригация және мал шаруашылығы мақсатында пайдаланылмайтын немесе пайдалануға болмайтын, жерасты сутұтқыш белдеулерге сарқынды суларды айдауды; 2) қосымша ілесіп шыққан карьер суын арнайы жинақтағыштарға төгуді қоспағанда, нормативтiк көрсеткiштерге дейін тазартылмаған сарқынды суларды жер қойнауына төгуге тыйым салынады. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген мемлекеттік эко­ло­гиялық сараптаманың және басқа да сараптамалардың оң қорытындысын алған жобалар мен технологиялық регламенттерде көзделген пайдалы қазбамен ілесіп өндірілген суларды кері айдау, сондай-ақ пайдалы қазбаларды өндіру үшін жер қойнауына технологиялық ерітінділерді айдау сарқынды суларды төгу болып табылмайды.»; 23) 262-баптың 8 және 11-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «8. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағы шегінде, лас­танбаған немесе тазартылған сарқынды сулардың шектеулі тізбесін, оның ішінде салқындату және өрт сөндіру жүйелерінің сулары мен қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ халық­тың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның рұқсаты бойынша төгілетін балласт суларды қоспағанда, сарқынды суларды төгуге және қалдықтарды тастауға тыйым салынады. Судың бақылау жақтауы шегінен тыс төгілуі нәтижесіндегі температурасы соңғы үш жыл ішіндегі төгу кезеңіндегі орташа айлық су температурасымен салыстырғанда бес градустан жоғары көтерілмеуге тиіс.»; «11. Теңіздегі өндірістік (бұрғылау, өндіру, пайдалану) объектілер және оларға қызмет көрсететін кемелер сарқынды суларды тазарту мен залалсыздандыруға немесе сарқынды суларды жинауға, сақтауға және кейіннен арнаулы кемелерге немесе жағалаудағы қабылдау құрылғыларына беруге арналған қондырғымен жабдықталуға тиіс. Қоқысты жинау немесе өңдеу (ұнтақтау немесе сығымдау) үшін тиісті құрылғылар көзделуге тиіс. Ең озық қолжетімді технологияларды пайдалану кезінде және жобалау құжаттамасына мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар болғанда медициналық және тамақ қалдықтарын инсинерациялауға жол беріледі.»; 24) 264-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «6. Жер қойнауын пайдаланушы мұ­най операцияларын жүргізу кезінде авариялық төгілулердің алдын алу, оларды оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз етуге тиіс.»; 25) 293-баптың 5-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «5. Қауіпті қалдықтарды арнайы жаб­­дықталған орындарға, оның ішінде мем­лекеттік экологиялық сараптаманың қоры­тындысы және жер қойнауын пайдалану саласындағы уәкілетті органмен келісу болған кезде шахталардың, кеніштердің және көліктік еңістердің суланбаған жерасты тау-кен қазбаларында орналастыруға рұқсат етіледі. Қауіпті қалдықтарды орналастыру үшін бөлінген аумақта қауіпті қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты емес басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыруға тыйым салынады.»; 26) 296-баптың 5-тармағы алып тасталсын; 27) 303-баптың 1-тармағының 2) тар­мақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) жерасты, жерүсті суларының және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің немесе ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың болуына;»; 28) 321-бапта: 2-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «3) өз бетінше эмиссиялардың; 4) нормативтен тыс эмиссиялардың салдарынан қоршаған ортаға, азаматтардың денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің мүлкіне келтірілген залал өтелу­ге тиіс.»; мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толық­тырылсын: «9. Табиғат пайдаланушы мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынған және шекті жол берілетін эмиссиялар нормативтерінен асып кетуіне әкелмейтін, ілеспе газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламаларынан, сондай-ақ жобалау құжаттамасынан және қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерінің жобаларынан ауытқу жағдайлары, оның ішінде газды жағу сценарийлерінің және (немесе) кестелерiнің өзгеруі өз бетінше және нормативтен тыс эмиссиялар ретінде қаралмайды.». 2. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 мау­сымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парла­ментінің Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 6, 46-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 11, 52, 57-құжаттар; № 19-II, 102-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 2, 9-құжат): 1) 1-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «7) газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу – технологиялық жабдықты қосу-жөнге келтіру, пайдалану, техникалық қызмет көрсету мен жөндеу кезінде, сондай-ақ технологиялық жабдықтың жұмысындағы технологиялық іркілістер, істен шығу мен ауытқулар кезінде оны қайта өңдеудің және (немесе) кәдеге жаратудың техникалық мүмкіндігінің болмауына байланысты газды қайта өңдеудің технологиялық процестері кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағу;»; 2) 25-баптың 7) тармақшасы алып тас­талсын; 3) 32-баптың 1-тармағы мынадай редак­ция­да жазылсын: «1. Қазақстан Республикасы аумағының шекараларындағы жер қойнауы учаскелері мемлекеттік меншік болып табылады. Мұндай учаскелер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы құрылықтық қайраңының учаскелері осы Заңда белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалану жөніндегі операция­ларды жүргізу үшін беріледі.»; 4) 85-бапта: 1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға тыйым салынады.»; 2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсатсыз жол беріледі.»; мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын: «5-1. Технологиялық жабдықтың жұмысында технологиялық іркілістер, істен шығулар мен ауытқулар болған жағдайларда, жер қойнауын пайдаланушы тергеп-тексеру жүргізуге және мұнай және газ саласындағы уәкілетті органдарға технологиялық іркілістердің, істен шығулар мен ауытқулардың себептерін көрсете отырып, тоқсан сайынғы есептерді беруге міндетті.»; 5) 86-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «8. Жер қойнауын пайдаланушылар мұнай және газ саласындағы уәкілетті органның бекітуіне және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісуге жататын, ілеспе газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламаларын көздеуге міндетті, олар ілеспе газды жағу немесе қатқа кері айдау (кәдеге жарату) көлемдерін қысқарту арқылы ілеспе газды ұтымды пайдалану және оның қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендету мақсатында әр үш жыл са­йын жаңартылып отырылуға тиіс. Жер қойнауын пайдаланушы бағдар­ламалардың орындалуы туралы есептерді мұнай және газ саласындағы және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органдарға жыл сайын жіберуге тиіс.». 3. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Рес­публикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 2, 9-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 21, 122, 123-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 20-IV, 113-құжат): 1) мынадай мазмұндағы 16-1-баппен толықтырылсын: «16-1-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға тартылатын қазақстандық және шетелдік кемелердің Мемлекеттік шекараны бірнеше мәрте кесіп өту құқығы 1. Құрылықтық қайраңда жер қой­науын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды орындау, құрылықтық қайраңның табиғи ресурстарын барлау және өндіру, қалқымалы бұрғылау қондырғыларының жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ жасанды аралдарды, қондырғылар мен құрылыстарды, оның ішінде құрылықтық қайраңда стационарлық теңіз платформаларын құру, пайдалану және қолдану мақсатында, кейіннен Қазақстан Республикасының порттарына, теңіз терминалдарына немесе айлақтық құрылыстарына келе отырып, Қазақстан Республикасының порттарынан, теңіз терминалдарынан немесе айлақтық құрылыстарынан құры­лықтық қайраң үстіндегі су кеңістігіне шығатын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеріп жүзуге құқығы бар қазақстандық және шетелдік кемелер Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнің Шекара қызметi рұқсатының негізінде шекаралық, кедендік бақылаудан (кемелердің келуімен немесе кетуімен байланысты кедендік операцияларды жүргізу бөлігінде) және бақылаудың өзге де түрлерінен өтпей, Мемлекеттік шекараны бірнеше мәрте кесіп өте алады.». 2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген қазақстандық және шетелдік кемелерге: 1) шет мемлекеттің аумақтық суларына (теңізіне), шет мемлекеттің ішкі суларына, шетелдік порттарға кіруге; 2) адамдар мен кемелерді құтқару қажеттігінен немесе басқа да төтенше жағ­дай­­лардан туындаған, кеменің капитаны бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін дереу хабардар ететін кездерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан кеткен кезде оларға қатысты шекаралық бақылау жүзеге асырылған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келген кезде шекаралық бақылаудан өтпеген адамдарды шетелдік және қазақстандық кемелерден түсіруге (оларға отырғызуға), кез келген жүктер мен тауарларды түсіруге (оларға тиеуге) тыйым салынады. 3. Құрылықтық қайраңда орналасқан келісімшарт аумағындағы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға тартыл­ған қазақстандық және шетелдік теңіз кемелерінің Мемлекеттік шекараны бірнеше мәрте кесіп өтуіне рұқсат беру тәртібін, мұндай рұқсатты қолданудың кеңістіктік және уақыттық шектерін, сондай-ақ осы баптың 1-тармағында көрсетілген кемелерге бақылауды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»; 2) 17-бапта: 2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Осы тармақтың 3) тармақшасының күші осы баптың 4-тармағында көрсетілген Мемлекеттік шекараны кесіп өту жағдай­ларына қолданылмайды.»; мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: «4. Құрылықтық қайраң үстіндегі су кеңістігінде орналасқан қалқымалы қонақүйлерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағынан жасанды аралдарға, қондырғылар мен құрылыстарға, қалқымалы бұрғылау қондырғыларына не қалқымалы қонақүйлерді қоса ал­ғанда, көрсетілген жасанды аралдардан, қондырғылар мен құрылыстардан, қалқымалы бұрғылау қондырғыларынан Қазақстан Республикасының аумағына адамдарды, жүктер мен тауарларды жет­кізуді жүзеге асыратын қазақстандық әуе кемелері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен шекаралық, кедендік бақылаудан (кемелердің келуімен (кетуімен) байланысты кедендік операцияларды жүргізу бөлігінде) және бақылаудың өзге де түрлерінен өтпей, Мемлекеттік шекараны бөлінген әуе дәліздерінен тыс бірнеше мәрте кесіп өте алады. Адамдарды, кемелерді құтқару қажеттілігінен не басқа да төтенше жағдайлардан туындаған, қазақстандық әуе кемесінің командирі бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін, сондай-ақ азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органдарды дереу хабардар ететін кездерді қоспағанда, көрсетілген қазақстандық әуе кемелеріне шет мемлекеттердің әуе кеңістігіне ұшып кіруге, Қазақстан Рес­публикасының аумағынан кеткен кезде шекаралық бақылаудан өткен адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келген кезде шекаралық бақы­лаудан өтпеген адамдарды отырғызуға (бортқа алуға), Қазақстан Республикасының аумағынан кеткен кезде оларға қатысты шекаралық және кедендік бақылау жүзеге асырылған кемелерге (кемелерден), сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келген кезде шекаралық және кедендік бақылау жүзеге асырылмаған кемелерге (кемелерден) кез келген жүктерді, тауарларды, валютаны, жануарларды тиеуге (түсіруге) тыйым салынады. Қазақстан Республикасының аумағы мен құрылықтық қайраң үстіндегі су кеңістігінде орналасқан жасанды аралдар, қондырғылар мен құрылыстар, қалқымалы бұрғылау қондырғылары, қалқымалы қонақүйлер арасындағы ұшуларды орындаған кезде әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының аумағынан ұшып шығуы және Қазақстан Республикасының аумағына қонуы Қазақстан Республикасының әуеайлақтарынан, тікұшақ айлақтарынан және қону алаңдарынан, оның ішінде халықаралық ұшулар үшін ашылмағандарынан жүргізілуі мүмкін.»; 3) 53-баптың 3-тармағы алып тасталсын; 4) 55-бап мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын: «12-1) құрылықтық қайраңда орналасқан келісімшарт аумағындағы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға тар­тылған қазақстандық және шетелдік теңіз кемелері мен қазақстандық әуе кемелерінің Мемлекеттік шекараны бірнеше мәрте кесіп өтуіне рұқсаттар беру тәртібін, рұқ­саттарды қолданудың кеңістіктік және уақыттық шектерін, сондай-ақ көрсетілген кемелерге бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды;»; 5) 62-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тар­мақпен толықтырылсын: «1-1. Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган құрылықтық қайраңда орна­­­лас­қан келісімшарт аумағындағы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға тартылған қазақстандық және шетелдік теңіз кемелері мен қазақстандық әуе кемелерінің Мемлекеттік шекараны бірнеше мәрте кесіп өтуіне рұқсаттар беру тәртібін, рұқсаттарды қолданудың кеңістіктік және уақыттық шектерін, сондай-ақ көрсетілген кемелерге бақылауды жүзеге асыру тәртібін әзірлейді.». 2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жа­рияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының  Президенті Н. НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2016 жылғы 25 сәуір № 505-V ҚРЗ