• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
30 Сәуір, 2016

Семей полигоны жабылуының 25 жылдығы – жаһандық маңызы бар дата

442 рет
көрсетілді

 Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 25 жылдығына арналған «Ядролық қарусыз әлем құру» тақырыбы бойынша халықаралық конференцияға дайындық және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің алғашқы отырысы болды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Конференция әлемдік қоғамдастық өкілдерінің, парламентшілер және сарапшылардың қатысуымен биыл 29 тамызда Астанада өтті. Кеңесті аша келіп, Қ.Тоқаев: «Қарусыздану және ядролық қаруды таратпау ісіне қомақты үлес қосқан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев шын мәнінде жаһандық ядролық қаруға қарсы қозғалыстың мойындалған көшбасшысы болып табылады», – деді. Мемлекет басшысының «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің негізінде ядролық қарудан толық арылу идеясы жатыр. «Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының атаулы күні Қазақстан ғана емес, күллі әлемдік қоғамдастыққа жер жүзінде орнықты бейбітшілікті қалыптастырудың бірінші кезектегі маңыздылығы туралы ойлануға игі себеп болуы тиіс», – деді әрі қарай Сенат басшысы. Осыған байланысты Парламенттің жоғарғы палатасының Төрағасы жиналғандарға конференцияны өткізудің мазмұндық және ұйымдастыру мәселелерін мұқият әзірлеуді тапсырды. Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев өз сөзінде Ұйымдастыру комитетінің мүшелерін конференция алдында тұрған міндеттермен таныстырды. Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко форумға әзірліктің мазмұндық және ұйымдастыру мәселелері, серіктестермен, оның ішінде халықаралық үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл туралы ақпаратпен таныстырды.