• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
04 Мамыр, 2016

Мақсат – тиімді пайдалану

431 рет
көрсетілді

Атам заманнан бері қарай біздің халқымыз үшін жер мәселесі басты мәселе болып келеді. Ресейдің отары болған тұста, кешегі Одақ құрамында болған кезде де қазақтың жанды жері кең алқапты даласының паршалануы болды. Ел тәуелсіздігін алған уақытта да халықтың басты қазынасына қатысты кез келген мәселеге күмән-күдікпен қарау байырғы бабалардан қанымызға сіңген инстинкт болар, сірә. Осы орайда Жер кодексіне қатысты бірқатар сауалды Парламент Мәжілісінің депутаты Байділдә ЖЫЛҚЫШИЕВКЕ қойған болатынбыз. – Жер мәселесі жеңіл қарайтын мәселе емес. Сол себепті еліміз тәуел­сіздік алғаннан кейінгі іле-шала қабылданған іргелі заңның бірі жерге қатысты болды әрі оған уақыт талабына сай өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп келеді. Заң дегеніңіз де қоғам талабына, нарық заңдылықтарына сәйкес жетілдіріліп отырады ғой. Қарап отырсақ, жер мәселесіне қатысты заңнама бес мәрте қабылданыпты. Соңғысы, 2003 жылы қабылданған Жер кодексіне өткен жылдың қараша айында бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. – Аталған өзгерістер қандай мақсаттан туындаған еді? – Ол ең алдымен ауыл шаруа­шы­­­лы­ғы жерін пайдалану­шы­лар­дың мүд­десін көздейді. Респуб­ли­ка бойын­ша 300 мыңнан астам жер пай­да­ланушы бар. Өйткені, ауыл шаруа­шылығы саласында пай­да­лана­тын жерлер жеткілікті бол­ғаны­мен, соның тең жартысына жуы­­ғы пайдаланылмай бос жатыр. Бірін­­ші­ден, оны игеруге кейбірінің күші жетпейді. Екіншіден, қаржы тап­­шы­­лығы қолбайлау. Жерді иге­ру­ге қа­тысты ізгі ниеттен туын­даған шешім бұл. Жер табыс әкелуі керек. Ол жер­дің иесіне, сол жерде еңбек етіп жат­­қан шаруаға, жалпы, Қазақ­стан хал­қына, оның ар жағын­да мем­­ле­кет­ке табыс әкелуі тиіс. Жер жұмыс іс­темей, қараусыз қал­са, құнар­лы­лы­ғын жояды, арам­шөп басып кетеді. Содан кейін ба­рып, жер айналымнан шығады. Құнар­сызданады. Ал жердің құнар­лы­лы­ғын жоғалтып алсақ, қайтып оны қалыпына келтіру үшін оған он­да­ған жылдар керек. Сол себепті, осы мақсатта Жер кодексіне өзгерістер енгізіліп отыр. – «Шетелдіктерге жер саты­ла­ды» деген пікір қайдан туындап отыр? – «Шетелдіктерге жер сату» деген түсінік кодексте атымен жоқ. Ал­ғашқы заңдардан бастап қазір­гі қолданыстағы заңнамада «жер сатылады» деген ұғым мүлде болған да емес. «Шетелдіктерге, шетел­дік компанияларға жер сатылады» деген бір ауыз сөз жоқ. Бол­ған емес, болмайды да. Тек жал­ға беру мәселесі бар. Жерді жал­ға беру мәселесі осыған дейінгі заң­­дар­­дың бәрінде де қамтылды. Қай­та бұрын 99 жылға, 49 жылға дейін жерді жалға беру жөнінде нор­­ма болды. Кейінгі, 2003 жылы қабыл­дан­ған заңда 10 жылға жалға беру­ге болатын болса, өткен жылы қа­­был­­­данған өзгерістердің нәти­же­сін­­де жерді жалға беру 25 жылға ұзартылды. – Неге 25 жылға ұзартылды? – Кез келген азамат ол жерге қар­жысын салғаннан кейін одан табыс табамын деп ойлайды ғой. Ғылы­ми тұжырым тұрғысынан қара­ғанның өзінде, ауыл шаруа­шылығы дақылдарынан пайданы он жылдың шамасында ғана көреді екен. Салған қаржысының есесін он жылдан кейін қайтаратын болса, онда жерге кім инвестиция салады? Сол себепті, осы кезге шейін шама­лы жер ғана жалға алынды, бар бол­ғаны 62 мың гектардың шамасында. Инвестиция тарту үшін жалға беру мерзімі ұзартылды. Қаржы келетін болса, табыс та молаяды, жұмыс орны ашылады, қазынаға түсетін салық көбейеді. – Жерді сатып алу мәселесі сонда қайдан шығып отыр? – Мәселен, бір азаматтың 49 жыл­­ға алған жері бар делік. Қазір ол «мен жерді сатып алмаймын, оны 49 жылға жалға алған күйінде пай­далана беремін» десе, оған заң бо­йынша құқығы бар. Егер ?? ????? ????? ?????? ????, ??????? ?????????? ??????? 50 ???????? ???????? ????????.де жерді сатып аламын десе, жер­дің кадастрлық құнының 50 пайызына жеңілдік жасалады. Сол соманың өзін 10 жыл ішінде бөліп төлеуіне болады. Мінеки, бұл – үлкен жеңіл­дік. Ол жерді жекеменшігіне ал­ған­нан кейін оған деген көзқарас та басқаша болады ғой. Ол иелігіндегі жерді ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру үшін күтіп-бағады, табыс табуға ұмтылады емес пе?! Сондай-ақ, Қазақстан азама­тының мемлекеттің жер қорынан жер сатып алуға мүмкіндігі бар. Бар мәселе осында. Бұл жерде қазақ­стандық азаматтар ғана сатып ала алады. Ал шетелдіктердің тек жалға алуға ғана құқы бар. – Ендеше, жерге қатысты түсінбестіктің түп-төркіні қайда жатыр? – Әрине, жұртшылықтың барлы­ғы дерлік заңнан хабардар деп айту қиын. Сондықтан жалпы халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Оған жергілікті әкімдіктерден бастап барлығымыз атсалысумыз керек. Халық қабыл­­­дан­ған заңның ерекшелігі қан­дай, ол не үшін қабыл­данып отыр? – де­ген басты сауал­дарға жауап алуы тиіс. Егжей-тегжейлі түсін­діріл­мегендіктен, халық арасын­да үстірт пікір қалып­тасып отыр­ға­ны сондықтан. Бұл – ????????????. ?????????, ??? ??????? ?? ??????????? ?????????? ??????? ??????? ?????бірін­ші­ден. Екіншіден, қай қоғамда да кез­десетін керітартпа кісілер осындай сәтте дүрбелең туғызуға бейім тұратыны тағы бар. – Заң 1 шілдеден бастап күшіне енеді ғой? – Иә. Оған қоса, ендігі жерде Жер кодексінің заңдық норма­ларын жүзеге асыру үшін Үкімет тарапынан заңдық актілер қабыл­данады. Қалың көпшілік тарапынан айтылған ұсыныстар, күмәндануға себеп болған тұстар осы заңдық актілер аясында ескеріледі. – Жалпы, осы мәселеден өзіңіз қандай ой түйдіңіз? – Осы кезге дейін қаншама қиын­­­шы­лықтардан өттік. Кешегі тоқ­саныншы жылдардың тапшы­лы­ғы естен шығып кетті ме? Сол кез­дің өзінде сабырға жеңдіріп, жақ­сы күнге қол жеткіздік емес пе! Ақыл­дың, бірлік пен татулықтың арқа­сында қиын кезеңдерді артқа қал­дырдық қой. Басқа жұрт қызыға да, қызғана да қарайтын бейбіт өмір мен тыныштық қазаққа тән сабыр мен салмақтылықтың арқасында салтанат құрып тұр. Олай болса, ең алдымен мәселенің байыбына барып, тереңіне үңіліп барып әңгіме қозғау керек. Әңгімелескен Ғабит ІСКЕНДЕРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»