• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Қаңтар, 2011

Атқарылар көп іс бар

360 рет
көрсетілді

Ол үшін бастауыш ұйымдардың белсенділігін көтеру қажет «Нұр Отан» ХДП Көкшетау қа­лалық филиалы партия ұйымының VІІ есеп беру-сайлау конферен­ция­сының негізгі тұжырымы бастау­ыш ұйымдардың белсенділігі мен жұмыс тәсілдерін жетілдіруге сая­ды. Бұл – 33 ұйымнан сайланған 165 делегаттың ортақ ойы. – Атқарылып жатқан жұмыстар да аз емес, – деді Көкшетау қала­лық филиалының төрағасы, қала әкімі Мұнарбек Бүркітбаев. Мұнда жетекші партия мүшелерінің баста­машылдығы, ұйыстырушы қызметі үлгі боларлықтай. Құрметті­ле­рі­міз­дің басым көпшілігі осы залда отыр. Қаланың әлеуметтік-экономика­лық дамуына талдау жасаған баян­да­машы жыл ішінде өнеркәсіп өн­дірісі 32 миллиард теңгелік, яғни бұрын болмаған деңгейге жеткенін мәлімдеді. Бұл 2009 жылдың көр­сет­кішінен 8 миллиард теңгеге ар­тық. Инвестициялық тартымды­лы­ғы артқан қалада көптеген өндіріс ошақтары ашылды. Соңғы айларда ғана индустриялық-инновациялық үде­мелі даму бағдарламасы шең­бе­рінде керамикалық кірпіш зауыты, астық қабылдау және ұн тарту кешені, басқа да маңызды нысандар пайдалануға берілді. Көкшелік 1127 отбасы тұрғын үймен қамта­ма­сыз етілсе, желтоқсан айында есігін ашқан 1200 орындық төрт балабақша жұртшылықты қуаныш­қа бөледі. Астаналық облыс орта­лығында шағын және орта бизнес­тің 17 мыңнан астам нысаны игілік төгуде. Жыл ішінде 8 мың жаңа жұмыс орны құрылуы жаңа әрі серпінді жоспарлар түзуге мүмкін­дік береді. Қалалық ұйымның басты жиы­нын­да «Нұр Отан» ХДП Ақмола об­лыстық филиалының төрағасы, об­лыс әкімі Сергей Дьяченко, «Нұр­лы көш» ауылы партиялық бақылау бекетінің төрағасы Мейрамбек Қиы­қов, «Тыныс» АҚ бастауыш ұйымы­ның жетекшісі Владимир Куляс, қалалық аурухананың бас дәрігері Серік Кәкенов, «Жас саясаткер» клубының мүшесі Әйгерім Уашева толғақты пікірлерімен бөлісті. Конференцияға «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесінің мүшесі Иван Сауэр қатысты. Бақберген АМАЛБЕК, Ақмола облысы.