АСТАНА. 6 мамыр. Ресейдің Якутск қаласында 16 қабатты тұрғын үйлердің бірінде болған алапат өрттен 5 адам қаза тапты. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Опат болғандардың арасында 3 жасар бала бар. Қазір оқиға орнында тергеу амалдары жүріп жатыр. Жақын уақыттарда шешімі шығады», – деп хабарлады ведомствода.
Төтенше жағдайлар министрлігі қызыл жалынның 6 мамырға қараған түні болғанын мәлімдеді. Өрт сөндіру қызметкерлері келіп жеткенше 22 адам қауіпті жерден кетіп үлгерген. Қазіргі кезде тілсіз жау құрықталды. Тұрғындар туған-туыстарының үйіне көшірілді.
Қызыл жалынның салдарынан 1 подъезд тұтасымен өртеніп кетті. Апаттың негізгі себебі әзірге белгісіз.
Аян Әбдуәли.
Дерек: ТАСС.
Фото: vk.com.