• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Саясат 10 Мамыр, 2016

Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысты

330 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей Федерациясына жұмыс сапары туралы хабарлаған болатын. Нұрсұлтан Назарбаев 8 мамырда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығына арналған әскери парадқа қатысу үшін Мәс­кеу қаласына келген еді. Ал кеше Елбасы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығына арналған әскери парадқа қатысты. Нұрсұлтан Назарбаев Қызыл алаңдағы әскери парадқа барды, сондай-ақ, Белгісіз солдат қабіріне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. *  *  * Мәскеудегі әскери парадқа 10 мыңнан астам әскери қызметші мен 100-ден аса заманауи қа­ру-жарақ және әскери техника қатысты.

Соңғы жаңалықтар