• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
10 Мамыр, 2016

Павлодарда Кембридж археологы зерттеу жүргізуде

334 рет
көрсетілді

ПАВЛОДАР. 10 мамыр. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне жұмыс сапармен Кембридж университетінің археология докторы Миляна Радивоевич келді. Кездесу барысында доктор Миляна біздің еліміздің, Кереку өңірі- Павлодар жері ерекше геомәдени мұраға бай екенін айтып өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлайды. Археолог Милянаның біздің өңірімізді зерттеуіне – қазақ даласында бұрынғы замандарда мекен еткен көшпенді тайпалардың тыныс-тіршілігі себеп болыпты. Тайпалардың сол көне дәуір кезінен-ақ металды өндіру және өңдеудің көне әдістеріне ғалымдармен бірге Милянаның да қызығушылығы оянған. Өзі арнайы сапармен келген оқу орнындағы «Археологиялық орталықтың» және орталық жетекшісі Виктор Мерцтің зерттеу жұмыстарын ерекше бағалауда. Шетелдік ғалымның пікірінше, Мерц секілді ғалым зерттеуші, архелогтар-батыстық ғылыми ортада университеттің беделін қалыптастырады. Біздің жерлесміз Виктор Мерц те Кемридж сынды әлемге әйгілі университеттегі әріптестерінің жоғары бағасын алуда. Мына суреттер өңірдегі Май ауданынан Мерц тапқан дүниелер. Қазір доктор Радивоевич профессор Мерцпен бірлесіп өңірді аралайтын ғылыми-зерттеу экспедициясын ұйымдастыру жобасын жасауда. Олардың бірлескен бұл жобасы тағы да тың археологиялық жаңалықтар ашады деген ойдамыз. Фарида Бықай. Дерек, фото: egemen.kz.