• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
14 Мамыр, 2016

Келешекте ұтылмау үшін кеңесу керек

256 рет
көрсетілді

Жердің тағдыры – қазақтың, елдің тағдыры. Аталарымыз арғымақтың жалында, атанның қомында жүріп жерін қорғады, тек жер үшін ғана жауға найза көтерді. Өйткені, Алтайдан Атырауға, Алатаудан Арқаға дейін көшіп-қонып, мыңдап жылқы айдаған, төрт түлік малын жайған қазақтың күнкөрісі тек жермен байланысты болды. Жерімізге көзін сатқан сыртқы жаумен арпалысып жүріп, ұшса құстың қанаты та­ла­тындай кең даламызды, тауы мен қы­ры­­мызды, өзен-көл­де­рі­міз­­ді бізге мұ­раға қалдыр­ған ата-бабаның аруа­­ғына күнде тағзым етсек бола­ды. Бүгінде Тәуелсіз Қазақстан дүние­жүзінде жер көлемі жөнінен тоғызыншы орынды алып отыр. Мұндай байлық көп елдер үшін арман ғана. Қазақ жер мен жесір үшін ғана даулас­ты, әділдікке жүгінді. Қазақтың жері – тіршілігі, жесірі – намысы болды. Міне, осындай тарихи да, табиғи да маңызы үлкен жерге бүгін де жеңіл-желпі қарай алмайтындығымыз анық еді. Елбасының Жер кодексіндегі өзгерістер мен толықтыруларға мораторий жариялағаны кемел саясаттың көрінісі дер едім. Мен бір жағынан халықтың «шетелдіктерге жер сатылады» деген қаңқу сөзге дүрлігуін түсінемін. Өйткені, жерге өте кіді қарайтын халықпыз. Екіншіден, халыққа түсіндіру жұмысы жеткілікті жүргізілмегендіктен де көңіл күйге ерік берілді. Жер қатынастарына ешқандай тәуекел жасауға болмайды. Яғни, түпкі нәтижесі туралы ойлап, келісіп пішпей, асығыстықпен шешілген шешім өкінішке қалдырады. Сондықтан, Елбасының жер заңнамаларының нормаларына уақытша тоқтау салуын ұтымды пайдаланып, халыққа түсіндіру жұмыстарын барынша сауатты жүргізіп, жерден табыс тауып отырған мамандар мен диқандардың, ғалымдардың пікірін, ұсыныстарын барынша ескерген дұрыс деп ойлаймын. «Жер сатылмасын», «шетел­діктерге жерді жалға беруге мүлде болмайды» деген пікірлер көп айтылды. Мен алдымен осы мәселенің анық-қанығын түсіндіру керектігін айтар едім. Диқандар бүгінде жерді 49 жылға жалға алып, астық өндіріп отыр. Оны мемлекет қайтсең де сатып ал деп жатқан жоқ. Шамасы келгендер сатып алады, қаржысы аздар жалға алып отырып-ақ күтіп, баптайды. Ал шетелдіктерге жерді жалға бергеннің ешқандай әбестігі жоқ дер едім. Қазіргі нарық заманында жер табыс табуы керек. Ал жерді күтіп-баптау оңай шаруа емес. Ол инвестициялық қа­ра­­­жат­­ты керек етеді. Жерді пай­­да­­ла­ну­ға қытайлықтар келсе де, иран­дық­тар немесе тағы басқалар кел­­се де олар оны арқалап кете алмайды. Экономикамыздың бәсе­кеге қа­бі­лет­ті болуына талпы­нып жат­қан уа­қыт­та томаға-тұйық­т­ық­пен, темір пер­де тұтып, тұм­ша­ла­нып өмір сүре ал­май­мыз. Эко­но­ми­­ка­ны дамыту үшін есігіміз ашық­ болуы тиіс. Біз, Қос­танай облы­сы­ның диқандары соң­ғы жылдары би­дай­мен қоса майлы дақылдар еге­міз. Өзімізде оны өң­дей­тін, май сығатын қуатты зауыт жоқ. Шет­­елдіктер инвестиция салып, май­­­лы дақылды өңдейтін зауыт сал­­­­мақ. Сонда бүгінгідей маңдай тер­­­мен өсірген майлы дақылдар ара­­­да­ғы делдалдардың қолында ар­­­зан бағамен кетпейді. Жақын жер­­­ден зауытқа өткізген соң, оның ба­ға­­­сы­ның қайтарымы да жұмсаған қа­ра­жат пен еңбегімізге лайық болады. Рас, заң қабылданғанда оның жүзеге асыру тетіктері мұқият жасалса дейміз. Заң іс жүзі­не асырылу кезінде кездесуі ықтимал барлық тәуекелдер, қауіптер ескерілуі, алдын ала зерттеліп, есептелуі керек. Онда халықтың, жермен айна­лы­сып отырған мамандардың пікі­р­і­нің ескерілгені де дұрыс. Өзім өмір бойы ауылда, жерден нәпа­қа жи­нап келе жатқан адаммын. Сон­дық­тан жерге байланысты қан­дай мәселе де маған етене таныс. Жерді жалға алған шетелдік ин­вес­­т­орларға жұмысшылардың ба­сым көпшілігін жергілікті жерден алу­ды міндеттеу керек деп білемін. Бұл өте маңызды болар еді. Жердің баға­сын шығаруда да ойланатын тұс­тар бар. Мора­торий осындай мәсе­ле­лер­дің барлығын асықпай талқы­лап, кеңесіп алуға мүмкіндік бере­ді. Осыған атсалыссақ, аталарымыз айтқандай, «кеңесіп пішкен тон келте болмайды», келешекте ұтылмаймыз. Сайран БҰҚАНОВ, Қазақстанның Еңбек Ері Қостанай облысы, Меңдіғара ауданы