• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
14 Мамыр, 2016

Жұмыста жүйелілік бар

285 рет
көрсетілді

Елбасының ал­ды­­мыз­ға қойған мін­дет­терін, Бас Про­ку­рор­дың тапсырмаларын ескере отырып, ағымда­ғы жылдың бірінші тоқ­санын­да көліктегі қауіпсіздікті одан әрі қам­тамасыз ету, қылмыс және жем­қорлықпен күрес, көлік жүйе­сінде құқық қорғау мен заңды­лықты нығайту мен көлік проку­рорларының жұмысында жүйелілікті қамтамасыз ету бо­йынша ұйымдастыру-тәжірибелік кешенді шаралар қабылданды. Бұл орайда әлеуметтік-эко­но­микалық салада заңдылықты қада­ғалауды іске асыру барысында 1 123 заң бұзушылық анық­талып, 462 прокурорлық қада­ғалау актілері енгізілді, түрлі жауап­кершілікке 499 тұлға тартылып, 14 сотқа дейінгі тергеу басталды. Сондықтан да, еліміздің Ата Заңы­мен кепілдендірілген аза­мат­­тардың құқықтары сақ­талуы­ның қадағалануына аса көңіл ау­да­­ры­лады. Қабылданған шаралар негізінде 4 мыңнан аса азамат­тың конституциялық құқық­тары қорғалып, 66 млн. теңге со­маға жалақы бойынша берешек өтелді. Бизнес субъектілерінің заңды мүдделерін және құқықтарын қорғау басым маңызға ие. Кәсіп­кер­лер құқықтарының бұзылуы туралы шағын топтармен 15 дабыл тіркеліп, оның 7-еуі расталды. Сөй­тіп, көлік прокурорларының акті­лері бойынша 13 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұған қоса, көліктегі қозғалыс қауіпсіздігі саласында да елеулі жұмыстар атқарылып, 258 тұлға заң бұ­зу­шылықтары үшін әртүрлі жауапкершілікке тартылды. Көлік прокурорларының негізгі бағыты Бес институттық реформаны іске асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыруға және прокурорлық қадағалаудың пәрменділігін одан әрі арттыруға бағытталады. Мұнда біздің басты міндетіміз тиімді көлік дәлізін құру, халықаралық әуе хабын, әуе тасымалын мемлекеттік реттеу пәрменділігін жақсарту, сонымен қатар, мемлекет қаржысын мақ­сат­сыз пайдалану фактілеріне жол бермеу үшін құқық қор­ғау органдарының үйлестіру рөлін кө­теру болып отыр. Сондықтан да негізгі күш мемле­кеттің экономикалық мүд­десін қорғауға, мемлекет бюджетін қамтамасыз етуге бағытталды. Келтірілген залалдың орнын өтеу көлемі 484 млн. 933 мың теңгені құрады, оның ішінде 415 млн. 553 мың теңге мемлекет бюджетіне салық және басқа да төлемдер ретінде өндірілді. Бас көлік прокуратурасы ор­гандарының актілері бо­йын­ша кеден саласында мемлекет бюджетіне 303,8 млн. теңге өндірілді. Мысалы, Маңғыстау көлік прокуратурасының ұсынысы бойынша «FortressHoldingLimited» ЖШС-нен мемлекет кірісіне 247,7 млн. теңге салық және кедендік төлемдер өндіріп алынды. Бұл сома бұрғылар қондыруды дұрыс декларацияламау нәтижесінде анықталды. БКП-ның ұсынысы бойынша «Астық-Логистик» ЖШС-нен мемлекет бюджетіне 171,2 млн. теңге салық және ке­дендік төлемдер өндірілді, өйт­кені, кәсіпорын импортталған тауарлардың кедендік бағасына негізсіз реттеу жүргізген. Көлеңкелі экономикаға қарсы күрес барысында көлік прокурорларымен жалған кәсіпорындарды анықтау және олардың мемлекеттік тіркеуін жарамсыз деп тану туралы талап арыздар енгізу бойынша жұмыстар жалғастырылуда. Сот шешімдерімен прокурорлардың осындай 10 талап арыздары қана­ғаттандырылды. Қазіргі таңда жалған кәсіпорындар кон­тр­агенттерінің салықтық есептерін түзеу бойынша шаралар қабыл­дануда. Бұдан басқа, атқару өн­дірісі­нің заңдылығын қа­да­ғалау саласында прокурор­лардың актілері бойынша мемлекет кірісіне 1 млрд. 034 млн. теңге өндірілді. Қадағалаудың басым бағыттары бойынша жұмыстар жалғасуда. Ыбырай ТІЛЕУҒАЛЕЕВ, Қазақстан Республикасының Бас көлік прокуроры