Әлбетте, әр тұтынушы өзінің заңды құқығын қорғауды жетік біле ме? Әрине, бәрі бірдей демесек те, кейбірі күнделікті күйбең тірліктің қамымен жүріп, көбінесе сатып алған тауары сапасыз болса да, қолын бір сілтеп жүре береді. Дегенмен, атыраулық тұтынушының бірі сапасыз тауарға төлеген ақшасын қайтару үшін сотқа жүгінді.
Өйткені, тұтынушы «КазОбувь» ЖШС дүкенінен құны 21 525 теңгеге бағаланған қысқы аяқ киім сатып алған. Алайда, үш күннен кейін сатып алған қысқы аяқ киімнің ыңғайсыз қалпының кесірінен жүрген кезде аяқта қолайсыздық пайда болған. Соның салдарынан тобығы алға қарай жылжып, екі аяғының башпайлары бүгіле берген. Осыдан кейін тұтынушы дүкенге жарамсыз аяқ киімді тапсыру үшін келіпті. Алайда, дүкен меңгерушісі тауарға төленген ақшаны қайтарудан бас тартқан. Маңдайы тасқа соғылғандай кейіпке түскен тұтынушы өз құқын сот арқылы қорғауға қадам жасады.
Сөйтіп, сот арқылы талап қоюшыға айналған тұтынушы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңның 14-бабымен белгіленген 14 күн ішінде тауарды қайтаруға ниет білдірген. Сот, талап қоюшының пайдасына «КазОбувь» ЖШС-нен сапасыз тауарға төленген 21 525 теңгені, 12 485 теңге көлеміндегі айыппұлды, бұған қоса, 20 000 теңге моральдық зиян өтемақысын және сот шығындарын, сөйтіп, барлығы 65 087 теңге өндіріп берді.
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,
«Егемен Қазақстан»
АТЫРАУ

200-ге жуық самокат пайдаланушысы жауапқа тартылды: Полиция бақылауды күшейтті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:58
Елордада ЖИ-камералар қауіпсіздік белдігі мен телефонды тексере бастады
Елорда • Бүгін, 14:49
Ақтау мен Астанадан Ереванға тікелей рейстер ашылды
Қазақстан • Бүгін, 14:44
Жұмыссыздық бойынша төлем мерзімі 4 айға дейін қысқарады
Бюджет • Бүгін, 14:33
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда көлемі 7,7 пайызға өсті
Президент • Бүгін, 14:21
Қарағандыдағы сәби өлімі: Инфекциялық орталықта тексеру басталды
Медицина • Бүгін, 13:48
Алматыда Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
Тұлға • Бүгін, 13:30
Балқаш пен Курчатовтан бөлек тағы бір өңірде АЭС салынуы мүмкін
Энергетика • Бүгін, 13:26
Ирандағы қақтығыс салдары: Әлемдік шығын 50 млрд доллардан асты
Экономика • Бүгін, 13:18
Қатар халықаралық рейстерді қайта аша бастады
Әлем • Бүгін, 13:08
Белгілі режиссер Жұлдызбек Жұманбай мәдениет қайраткері атанды
Аймақтар • Бүгін, 12:55
40 жыл еңбек өтілі бар азаматтар зейнетке ерте шыға ма?
Бюджет • Бүгін, 12:49
Қазақстан мен Моңғолия президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:40
Қазақстан мен Солтүстік Македония Іскерлік кеңес құрды
Қазақстан • Бүгін, 12:29