26 Қаңтар, 2011

Қиыршық тасты көбейтетін зауыт

500 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қазір қиыршық тасқа деген сұраныс жоғары болып тұр.Бұл да түсінікті. Жыл сайын құрылыс индустриясы қана­тын кеңге жайып келеді, ал  жұмысы қарқынды басталған «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізіне де бұл өнім аса қажет-ақ. Осыны ескерген «Тек­ше Тас компаниясы» ЖШС жаңа қиыршық тас зауытын іске қосып, ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына тартымды тарту жасады. Жылдық қуаты 1 миллион тонна қиыршық тас шы­ғаруға мүмкіндік беретін кә­сіпорын құрылысы бір жарым жылда салынып бітті. Мұнда орнатылған Швецияның «San­dvik» фирмасының қондыр­ғы­сы осы заманғы озық тех­но­логияға жатады. Мұндай технологиямен жұмыс істейтін зауыт достастық елдерінде жоқ. Компания бұл қондыр­ғы­ны 1,7 миллион долларға са­тып алды. Мамандардың ай­туын­ша, кәсіпорын қалыпты жұ­мыс істеген жағдайда өзін бес жыл­да ақтайды. Зауыт тұтыну­шы­лардың тапсырысы бойынша әр түрлі мөлшердегі қиыршық тасты көп мөлшерде шығара алады. Таудың тасы қажетті кө­лемге жеткенше күрделі өн­дірістік процестен өтеді. Мұнда теңізде жасанды арал жасауға қажетті текше тасты шығарудың мүмкіндігі де мол. Гранит жасалатын бұл текше қиыршық тастар суға төзімді, босап кетпейді. Қиыршық тастың бұл түріне Каспий теңізінің үс­тін­де мұнай өндірумен айна­лы­са­тын «Аджип» компаниясынан қа­зірдің өзінде тапсырыс түсіп үл­герген. Болашақта  көшелер­ді қайта жарақтандыруға пай­даланылатын түрлі-түсті гранит жол жиектерін дайындау қолға алынбақшы. Зауыт жоспарлы қуатына шаққанда сағатына 270 тонна қиыршық тас өндіретін бола­ды. Кәсіпорын өздеріне қажет­ті мамандарды алдын ала даярлап алған. Жаңадан ашылған жұмыс орындарында негізінен жергілікті халық жұмыс істейді. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы.