Азиада алауы қаңтардың 26-сы күні Талдықорғанға да жетті. Ұшақтан облыс әкімі Серік Үмбетов бастаған жанкүйерлер қарсы алып, баспасөз мәслихаты өтті. Алау эстафетасын өткізу жөніндегі үйлестіру кеңесінің жетекшісі Сәрсен Құранбек өңірлердегі кездесулер жайына тоқталды. Оның айтуынша, Жетісу жері спортты дамыту мен саламатты өмір салтын қалыптастыруда өзгелерге үлгі болып, алғы шептен көрінген.
Спорт алаңына 27 қаңтар күні жиналған жанкүйерлер алдында сөйлеген облыс басшысы спортшылардың тек жеңістерге жетіп, биіктерден көрінулеріне тілектестігін білдірді. Бұдан соң Серік Әбікенұлы алау құтысын алғашқы болып алып жүру құрметіне ие болды.
Алауды алып жүруді еліміздің көкбайрағын өзге мемлекеттерде биікке көтеріп, әнұранды шырқатқан Олимпиада чемпиондары жалғастырды. Олардың қатарында дзюдо күресінен Олимпия ойындарының қола жүлдегері Айдын Смағұлов, Олимпиаданың қола жүлдегері Маулен Мамыров, грек-рим күресінен Әлем кубогының қола жүлдегері Нұрмахан Тінәлиев, Халық Каһарманы Азамат Жұмаділов, спорт меценаты Жанайдар Егінбаев, грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко, Олимпия ойындарының күміс жүлдегері Асхат Жіткеев, грек-рим күресінен Олимпиаданың қола жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев, ауыр атлетикадан әлем чемпионы Владимир Седов және өнер мен еңбекте алда жүрген жетісулықтар болды.
Эстафета салтанатында ежелгі ұлттық спорт түрі – саятшылықпен айналысқан жеті азамат бүркіттерімен, қос өркешті аруаналар мен сәйгүлік мінген шабандоздар қошеметтеп сап түзеп, бірге жүрді. Тәуелсіздік символы «барыс та» алаушылар қатарынан табылды.
Алаугерлер орталық алаңнан Тәуелсіздік, Ілияс Жансүгіров, Қаратал шағын аудандарындағы көше бойларымен Қысқы Азияда логотипімен безендірілген велосипед, автокөлік секілді қозғалыс құралдарымен қатар жүріп отырды. Осы сәттерде өңірдегі шешен, ұйғыр, орыс және басқа да мәдени орталық өнерпаздары сырнайлатып, әндетсе, студенттер «Қара- жорғаны» мың бұрала билеп, қошеметтеді.
Олимпиада ойындарының салтанаты түстен кейін «Жастар» спорт сарайында жалғасып, Алау осында жеткізілді. Осы күні салтанатқа алпыс мыңнан астам шаһарлықтар қатысып, алаугерлер мен спорт жеңімпаздарына қошемет көрсетіп, ізгі тілектерін өрбітті.
Қасиетті алау кешкісін Қарағандыға жол тартты.
Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Бүгін, 12:52
Түнгі рейд нәтижесі: жасөспірімдер алкоголь ішкені белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 10:51
Мемлекет басшысы Швеция Королі XVI Карл Густавты Ұлттық күнмен құттықтады
Саясат • Бүгін, 10:14
ШҚО-да колонияға 15 телефон өткізбек болған әрекет тоқтатылды
Қоғам • Бүгін, 10:02
Қазақстан мен Өзбекстан мәдениет саласындағы ынтымақтастықты арттырады
Руханият • Бүгін, 09:50
Руханият • Бүгін, 09:47
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Бүгін, 09:45
Қоғам • Бүгін, 09:44
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Бүгін, 09:10
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Бүгін, 09:05
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Бүгін, 09:03
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Бүгін, 09:00
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Бүгін, 08:57
Қазақ балуандары Моңғолиядағы турнирде тағы үш медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 08:55