16 Мамыр, 2016

Қостанайда дәстүрлі «Студент көктемі» фестивалі өтті

330 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
16-05-16-festivalҚОСТАНАЙ. 16 мамыр. Облыстағы жоғары оқу орындары арасында XXII дәстүрлі «Студент көктемі» фестивалі өтті. Оған бірінші рет Ішкі істер министрлігінің Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы да қатысты. Бұл туралы Қостанай академиясы баспасөз қызметіне сілтеме жасаған отырып, egemen.kz тілшісі хабарлады. Фестиваль биыл Қостанай академиясының базасында өтті. Оның шараларына тікелей қатысқан облыстағы 8 жоғары оқу орындары студенттерінің саны 1500-ден асады. Мұның сыртында көрермендер де көп болды. Жастық ортаға тән дебат, конференциялар, дәстүрлі байқаулар және спорттық жарыстармен қатар, биыл алаң иесі саналған Қостанай академиясы фестиваль мазмұнын жауынгерлік эстафетамен толықтыра түсті. Фестивальдің ашылуына облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қатысып, студент қауымын құттықтады. Сонымен қатар, ол «Студент көктемін» талантты жастарға қанат байлайтын шара екенін айтты. Айтпақшы, бастау алған осынша жылдардың ішінде жастардың осы шарасының ашылуына облыс басшылығы бірінші рет қатысты. «Мәдени мұра» шығармашылық байқауында Рудный индустриялық институтының командасы үздік деп танылды. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының командасының «ең үздік шығармашылық ұжым» екенін айтылды. М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің командасы вокалдық шығармаларымен ерекшеленді. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті командасының орындаған биі «Үздік би» аталымына ие болса, Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері «үздік музыкалық аспаппен орындалған шығарма» аталымы кубогын алды. Қазақ және орыс тілерінде өткен көңілді тапқырлар клубының жеңімпаздары анықталды. Қазақ лигасында алаң иелері Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының командасы бірінші орынды алды. Бекжат Есетов үздік ойыншы болса, «Ең үздік қыз ролі» аталымы ҚМПИ-дің студенті Әкімбек Инабатқа лайық деп танылды. Ал орыс лигасында М.Дулатов атындағы ҚИнЭУ командасы үздік деп танылды. Үздік ойыншы Александр Рачинский, қыздардан Айдана Есмұрзина болды. Спортта шағын футбол бойынша қостанайлық болашақ педагогтар бірінші  орынды иеленсе, волейболдан олардың арқалықтық  әріптестері жүлдені алып кетті. Жауынгерлік эстафетада, әрине, Қостанай академиясы команасының алдына ешкім түсе алған жоқ. «Үздік грана лақтырушы» аталымы бойынша Академия курсанты  Бақтияр Сәдуақасов, мергендіктен Челябі мемлекеттік унивесритеті Қостанай филиалының студенті Иван Аулов пен Алина Зайцева бірінші орынды алды. «Жастар – Қазақстанның болашағы» дебат турнирінің қазақ, орыс лигаларындағы бас жүлде Қостанай мемлекеттік унивесритетінің командасының қанжығасында кетті. Фестиваль кілті М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің басшылығына салтанатты түрде тапсырылды. Келер жылы олар фестиваль алаңының иесі болмақ. Нәзира Жәрімбетова Дерек, фото: Қостанай академиясының баспасөз қызметі. 16-05-2016 festival 1