ҚОСТАНАЙ. 18 мамыр. Қостанайда жасөспірімдердің қылығы жолаушылар пойызының апат болуына әкеле жаздады. Бұл туралы alau.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жолаушылар пойызы рельстен шығып кете жаздады. Абырой болғанда рельстің үстіне қойылған бекеттік ауыр бағананы алыстан байқап қалған машинист пойызды жедел тоқтатып үлгереді.
Полицейлер пойыз рельсінің үстіне цементтен жасалған бекеттік бағананы қойған жасөспірімдерді көп ұзатпай ұстады. Олар істеген ісін толығымен мойындады және оны әуесқойлықтан істегендерін айтты. Темір жолдың Лисаков қаласына жақын Майлин-Тобыл учаскесі ауыр трагедиядан аман алды. Лисаков қаласындағы 11 және 16 жастағы екі жасөспірім темір жолға әрқайсысы жарты метр келетін 4 бағанды ұзынынан қойып кеткен. Бағаналар кеңестік уақыттағы өндірісте жасалған, әрқайсысының салмағы 40 кило келеді. Мәліметтер бойынша, оларды темір жол төсемінен алған.
«Бағаналарды төсемнен алу қиын шаруа емес. Балалар оны босатып, төсемнен бетондарды алып, рельске қойған», – деді Лисаков қалалық ішкі істер бөлімі әкімшілік бөлімінің басшысы Берік Әйсенов.
Полицейлер балаларды келесі күні қолға түсірген. Олардың сөзіне қарағанда, әуесқойлықтан осындай әрекетке барған әрі цемент бағандар пойызды қаншалықты тоқтата алатыны туралы білгілері келген.
Қазір балаларды заң алдындағы жауапкершілік күтіп тұр. 16 жастағы жасөспірімнің үстінен «Көлік құралдары немесе хабарлау жолдарын қасақана жарамсыз ету» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша оны 3000 айлық көрсеткіш немесе 6363000 теңге айыппұл, оны өтей алмаса 4 жыл бас бостандығынан айырылу жазасы беріледі. Ал 11 жастағы бала үшін ата-анасы жауап беретін болады.
Айта кетейік, жолаушылар пойызында 500 адам болған. Машинистің тәжірибелілігі болмағанда, ірі апат орын алар еді.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек, фото: alau.kz.
• 18 Мамыр, 2016
Жасөспірімдердің қылығы жолаушылар пойызын аудара жаздады

Оңтүстік Кореяда болған митингте бір адам мерт болды
Әлем • Бүгін, 20:55
Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі өтеді
Спорт • Бүгін, 20:36
Салық кодексіне түзетулер: Қаржы секторына қатысты бірқатар ұсыныс қолдау тапты
Үкімет • Бүгін, 19:59
Кітап оқуға құштарлық: Қостанайдағы кітапханашылар әулетінің өнегесі
Аймақтар • Бүгін, 19:33
Атом энергетикасы саласы: Ұзақ мерзімді бағдар айқындалды
Энергетика • Бүгін, 18:53
Аида Балаева Мұхтар Шахановтың неге Арыстан баб кесенесіне жерленбейтінін түсіндірді
Тұлға • Бүгін, 18:24
Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Алматыда өтеді
Тұлға • Бүгін, 17:57
Әскери қызметшілердің ақшалай үлесі мен жәрдемақысы: Ережеге қандай өзгерістер енді?
Әскер • Бүгін, 17:55
Жапонияда 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Бүгін, 17:48
Мейірім Нұрсұлтанов уақытша чемпион атағы үшін айқасады
Спорт • Бүгін, 17:33
Астанада бір жылда бейнебақылау камераларының саны екі есеге артты
Елорда • Бүгін, 17:26
Жамбыл облысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 11 балаға жәрдемақы төленбеген
Аймақтар • Бүгін, 17:01
Алматыда субұрқақтар маусымы қашан ашылады?
Алматы • Бүгін, 16:55
Астанада көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 16:46
Ерлан Қошанов ҰҚШҰ Парламент өкілдеріне жаңа Конституцияның негізгі ережелерін таныстырды
Парламент • Бүгін, 16:33