28 Қаңтар, 2011

«Егемен елдің туын бекем байлаған»

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы­ның атына Оңтүстік Қа­зақстан облысының Шардара қала­сының тұрғыны Құрбанбай Изтұрғановтан да хат келді. Хат авторы Елбасының президенттік өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту жө­нін­дегі бас­тамашы топтың ұсы­ны­сын қолдайтынын жазады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Ол өз хатында Прези­денттің мемлекетімізді ны­ғай­тудағы, Қазақстанды дү­ние жүзіне танытудағы орасан еңбегін және жүргізіп келе жатқан көреген сая­са­тының арқасында Тәуел­сіз­дік жылдарында қол жеткізген жетістіктерді атап көр­сетеді. Сондай-ақ, Қазақ­стан халқының мәртебесін биіктетіп, егемен елдің беделін асқақтатып жүр­ген Тұң­ғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бас­шы­лы­ғымен атқарылған игі істерді жыр жол­дарына арқау еткен.