Амандығын Аллаға, заман жүгін заңғар ұлдарына сеніп тапсырған қазаққа Әбіштей абызынан айырылу оңайға соқпағаны белгілі. Өлгенін жырмен жоқтаған, тірісі сөзге тоқтаған ел азаматтары кеше Ұлттық академиялық кітапхана ұжымының ұйытқы болуымен заманымыздың заңғар жазушысын еске алуға арналған әдеби кеш өткізді. Кеш аясында Жұмабек Мұқановтың жазушы Әбіш Кекілбайұлының өміріне арналған «Жүз күндік жалғыздық» атты естелік кітабының тұсаукесері болды. Аталмыш туындының тұсауын Қазақстан Республикасы Ардагерлер ұйымы Орталық кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев пен белгілі композитор Ілия Жақанов кесіп, орамды ойларын ортаға салды. «Бүкіл ел жиналып Әбекеңмен қоштасқан сәт қазақ үшін ауыр болды. Мен сол сәтте балдағына сүйеніп келген жандарды көрдім, мүгедектің арбасына таңылып отырса да сол қоштасуға қатысқан кісілерді көрдім, Әбіштің отбасына көңіл айтып жатқан жандардан бөлек, бір-біріне көңіл айтып жатқандарды көрдім. Сол уақытта елдің, халықтың ол кісіге деген ыстық ықыласын, мөлдір махаббатын байқап, терең тебіреністі күй кештім. Бүгін тұсауын кесіп отырған бұл кітап қазақ үшін қазына десек болады. Себебі, оның ішінде Әбіш туралы Елбасы бастап, ел азаматтары қостап, тамыр-таныс, жора-жолдастары толықтырған лебіздер легі мен ескірмес естеліктер қамтылған. Оның ғажабы да осында», – деді Өмірзақ Озғанбаев. Әбіш Кекілбаевқа арналған шарапатты шараны белгілі қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков жүргізіп, тамыры терең тарих қойнауынан Әбіш жайлы әртүрлі ой-толғамдарды ортаға салды. Сондай-ақ, қоғам қайраткерлері, ғалымдар қонақ болып пайымды пікірлерін білдірсе, ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Серік Тұрғынбеков өлең оқып, өз сөзін жырмен жеткізді. Рауан ҚАЙДАР, «Егемен Қазақстан»
Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Алматыда өтеді
Тұлға • Бүгін, 17:57
Әскери қызметшілердің ақшалай үлесі мен жәрдемақысы: Ережеге қандай өзгерістер енді?
Әскер • Бүгін, 17:55
Жапонияда 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Бүгін, 17:48
Мейірім Нұрсұлтанов уақытша чемпион атағы үшін айқасады
Спорт • Бүгін, 17:33
Астанада бір жылда бейнебақылау камераларының саны екі есеге артты
Елорда • Бүгін, 17:26
Жамбыл облысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 11 балаға жәрдемақы төленбеген
Аймақтар • Бүгін, 17:01
Алматыда субұрқақтар маусымы қашан ашылады?
Алматы • Бүгін, 16:55
Астанада көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 16:46
Ерлан Қошанов ҰҚШҰ Парламент өкілдеріне жаңа Конституцияның негізгі ережелерін таныстырды
Парламент • Бүгін, 16:33
Тері зауыты төңірегіндегі түйткіл
Аймақтар • Бүгін, 16:25
Көші-қон саясаты өзгереді: Олжас Бектенов министрлерге нақты міндеттер жүктеді
Үкімет • Бүгін, 16:05
Елордалық жүргізушілерге ескерту: Ақан сері көшесінде қозғалыс шектеледі
Елорда • Бүгін, 14:48
Отандық ғалымдар құрғақшылыққа төзімді дақылдарды ойлап тапты
Ғылым • Бүгін, 14:42
Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 14:34
Қазақстан Орта Азияда экономикалық еркіндік бойынша көш бастап тұр
Экономика • Бүгін, 14:25