тапсыратындар қай пәнді көбірек таңдайды?
Мамыр айы келді дегенше мектеп бітіруші жастардан маза қашады. Алда – үлкен сынақ. Маусымның алғашқы күндерінде басталып, бел ортасына дейін созылатын бұл сынаққа соңғы дайындықтар қызу жүруде. Әр түлектің жүректері лүпіл қағып, кеуделері үмітке толы. Биыл жамбылдық 44 мектеп бітіруші халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалардың жеңімпаздары ретінде ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырудан босатылады. Сондай-ақ, 220 оқушы «Алтын белгіге», 84 оқушы үздік аттестатқа үміткер. 64 мектеп бітіруші мемлекеттік грант иегерлері. Және 2496 мектеп бітіруші дәстүрлі емтихандар тапсырады. Аудандарда мектеп бітірушілердің ұлттық бірыңғай тестілеуін ұйымдасқан түрде өткізу үшін олардың тамақтануына, тасымалдауына және жатын орнына 16 млн. 990 мың теңге бөлінген.
Өткен жылы тестілеуде жамбылдық мектеп түлектері арғы жылға қарағанда өздерінің жақсы дайындықтарын көрсеткен болатын. Яғни, облыстың орташа балы – 78,6-ны құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 6,2 балға өскен-ді. Міне, осы ҰБТ-да жоғары нәтиже көрсеткен Тараз қаласындағы №1, 40, 41, 45 гимназиялары мен облыстық дарынды балаларға арналған 3 мектеп-интернаттың базасында осы білім ошақтарының озық іс-тәжірибелері таратылды.
– «EDTECH-KZ» Халықаралық білім орталығы өкілдерінің қатысуымен 2015 жылдың қарашасы мен 2016 жылдың наурыз айларында 10, 11 сынып оқушылары арасында 2 рет тестілеу өткізіп, оған 18 493 оқушы қатысты, – дейді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Жәмила Бекбатырова. – Тест нәтижесі бойынша оқушылардың таңдау басымдығы – биология, физика, география, ағылшын тілі пәндеріне берілгендігі анықталып, ҰБТ көрсеткішінің өсуі осы пәндерді сапалы оқытуға қатысты екендігіне, техникалық қателіктерге жеткілікті мән беру жөнінде ұсыныс берілді.
Жалпы алғанда, 2015-2016 оқу жылында Жамбыл облысындағы 316 жалпы білім беретін орта мектеп 8561 оқушы бітіргелі отыр. Соның 6065-сі, яғни 70,85 пайызы ҰБТ тапсыруға өтініш берген. 6065 оқушының 35,6 пайызы қала, 64,4 пайызы ауыл мектептерінің түлектері екен.
Ендеше, іске сәт, жас түлектер!
Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан»
Жамбыл облысы

Оңтүстік Кореяда болған митингте бір адам мерт болды
Әлем • Бүгін, 20:55
Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі өтеді
Спорт • Бүгін, 20:36
Салық кодексіне түзетулер: Қаржы секторына қатысты бірқатар ұсыныс қолдау тапты
Үкімет • Бүгін, 19:59
Кітап оқуға құштарлық: Қостанайдағы кітапханашылар әулетінің өнегесі
Аймақтар • Бүгін, 19:33
Атом энергетикасы саласы: Ұзақ мерзімді бағдар айқындалды
Энергетика • Бүгін, 18:53
Аида Балаева Мұхтар Шахановтың неге Арыстан баб кесенесіне жерленбейтінін түсіндірді
Тұлға • Бүгін, 18:24
Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Алматыда өтеді
Тұлға • Бүгін, 17:57
Әскери қызметшілердің ақшалай үлесі мен жәрдемақысы: Ережеге қандай өзгерістер енді?
Әскер • Бүгін, 17:55
Жапонияда 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Бүгін, 17:48
Мейірім Нұрсұлтанов уақытша чемпион атағы үшін айқасады
Спорт • Бүгін, 17:33
Астанада бір жылда бейнебақылау камераларының саны екі есеге артты
Елорда • Бүгін, 17:26
Жамбыл облысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 11 балаға жәрдемақы төленбеген
Аймақтар • Бүгін, 17:01
Алматыда субұрқақтар маусымы қашан ашылады?
Алматы • Бүгін, 16:55
Астанада көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 16:46
Ерлан Қошанов ҰҚШҰ Парламент өкілдеріне жаңа Конституцияның негізгі ережелерін таныстырды
Парламент • Бүгін, 16:33