2015 жылғы 19 желтоқсан, Алматы қаласы
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістермен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мынадай нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын:
1) «Жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банк шоттарын ашу және жүргізу жөнінде банк операцияларын жүргізуге лимиттер белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 27 тамыздағы №169 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9793 тіркелген, 2014 жылғы 30 қазанда «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) «Кейбір нормативтік құқықтық актілерге банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 21 қарашадағы №222 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10032 тіркелген, 2015 жылғы 23 қаңтарда «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) 2-тармағы.
3. Бақылау және қадағалау әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылатын Тізбенің 1-тармағының жетпіс алтыншы және жетпіс жетінші абзацтарын, Тізбенің 2-тармағының елуінші және елу бірінші абзацтарын қоспағанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.
Ұлттық Банк Төрағасы Д.АҚЫШЕВ
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсан
№222 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасының банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. «Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі №358 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3924 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер бойынша есеп айырысудың нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықта:
1 және 1-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жаңадан құрылатын банк үшін жарғылық және меншікті капиталдарының ең аз мөлшері 10 000 000 000 (он миллиард) теңге мөлшерінде белгіленеді.
1-1. Банктің меншікті капиталының ең аз мөлшері мынадай тәртіппен белгіленеді:
тұрғын үй құрылыс жинақ банкі және жалғыз акционері басқа мемлекеттің орталық банкі болып табылатын банк үшін 4 000 000 000 (төрт миллиард) теңге мөлшерде;
басқа банктер үшін 10 000 000 000 (он миллиард) теңге мөлшерінде.»;
1-2-тармағы алынып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Меншікті капитал жеке тұлғалар депозиттерінің сомасы мен бухгалтерлік баланстың деректеріне сәйкес 5,5-ке көбейтілген меншікті капиталдың арасындағы оң айырмасын шегергендегі бірінші деңгейдегі капитал мен екінші деңгейдегі капиталдың сомасы ретінде есептеледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талап меншікті капиталы бірінші деңгейдегі капитал мен екінші деңгейдегі капиталдың сомасы ретінде есептелетін тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне қолданылмайды.
Нұсқаулықтың мақсаттары үшін Standard&Poor’s агенттігінің ұзақмерзімді кредиттік рейтингтік бағаларымен қатар уәкілетті орган сондай-ақ Moody’s Investors Service және Fitch агенттіктерінің де (бұдан әрі – басқа рейтингтік агенттіктер) ұзақмерзімді кредиттік рейтингтік бағаларын таниды.
Нұсқаулықтың мақсаттары үшін мынадай ұйымдар халықаралық қаржы ұйымдарына жатады:
Азия даму банкі (the Asian Development Bank);
Африка даму банкі (the African Development Bank);
Еуропа Кеңесінің Даму Банкі (the Council of Europe Development Bank);
Еуразия даму банкі (Eurasian Development Bank);
Еуропа қайта құру және даму банкі (the European Bank for Reconstruction and Development);
Еуропа инвестициялық банкі (the European Investment Bank);
Ислам даму банкі (the Islamic Development Bank);
Жеке Секторды Дамыту жөнiндегі Ислам Корпорациясы (ICD);
Америкааралық даму банкі (the Inter-American Development Bank);
Халықаралық даму қауымдастығы;
Халықаралық қаржы корпорациясы (the International Finance Corporation);
Халықаралық қайта құру және даму банкі (the International Bank for Reconstruction and Development);
Халықаралық валюта қоры;
Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталық;
Инвестициялар кепілдігінің көпжақты агенттігі;
Скандинавия инвестициялық банкі (the Nordic Investment Bank).»;
13-тармақтың үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің мәндері Нұсқаулыққа 1-2-қосымшада белгіленген мәндердің және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11987 тіркелген «Ертерек ден қою шараларын және екінші деңгейдегі банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 17 шілдедегі №141 қаулысында көзделген қадағалау үстемесінің сомасы ретінде айқындалады.
Меншікті капитал жеткіліктілігі мәндеріне қосымша меншікті капитал буферлерінің мынадай мәндері белгіленеді:
консервациялық буферге қойылатын талап тұрақты негізде орындалады және мынадай болады:
барлық банктер үшін:
2015 жылғы 1 қаңтардан бастап – 1 (бір) пайыз;
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап – 1 (бір) пайыз;
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап – 2 (екі) пайыз;
жүйе құраушы банктер үшін:
2015 жылғы 1 қаңтардан бастап - 2,5 (екі бүтін оннан бес) пайызы;
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап – 2,5 (екі бүтін оннан бес) пайызы;
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап – 3 (үш) пайыз;
қарсыциклдық буфер, уәкілетті орган оны енгізу мөлшерін және мерзімдерін қарсыциклдық буферді есептеуді бастау күніне дейін кем дегенде 12 (он екі) ай бұрын белгілейді. Қарсыциклдық буфер мөлшерінің диапазоны активтердің, тәуекелдерді ескере отырып, сараланған шартты және ықтимал міндеттемелер сомасының 0 (нөл) пайызынан 3 (үш) пайызына дейін құрайды;
жүйелік буфер, оның есептелуіне қойылатын талаптар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10210 тіркелген «Қаржы ұйымдарын жүйе құраушылар қатарына жатқызу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы №257 қаулысына сәйкес жүйе құраушы деп танылған банктерге қолданылады. Жүйелік буферге қойылатын талап 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап тұрақты негізде орындалады және активтердің, тәуекелдер ескеріле отырып мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелер сомасының 1 (бір) пайызын құрайды.»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Нарықтық тәуекел ескерілген активтер, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер 13,3-ке тең келтіру коэффициентінің және:
сыйақы мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралы бойынша тәуекелдің;
нарықтық құнның өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралы бойынша тәуекелдің;
валюталардың айырбастау бағамдарының және қымбат металдар бағамдарының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралы бойынша тәуекелдің сомасының туындысы ретінде есептеледі.
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап келтіру коэффициентінің мәні 13,3-ке тең.
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап келтіру коэффициентінің мәні 12,5-ке тең.»;
26, 27 және 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Акциялардың нарықтық құнының немесе акцияларға индекстің өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдары бойынша айрықша тәуекел 0,075-ке тең айрықша тәуекел коэффициенті бойынша мөлшерленген көрсетілген қаржы құралдары бойынша ашық позициялардың (ұзын және қысқа) сомасын білдіреді.
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап айрықша тәуекел коэффициентінің мәні 0,075-ке тең.
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап айрықша тәуекел коэффициентінің мәні 0,08-ге тең.
27. Жалпы тәуекел 0,075-ке тең жалпы тәуекел коэффициентінің және белгілі бір акциялардың немесе акциялардың белгілі бір индексінің нарықтық құнының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдары бойынша ұзын позицияларының сомасы мен қысқа позицияларының сомасы арасындағы айырмасының туындысын білдіреді.
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпы тәуекел коэффициентінің мәні 0,075-ке тең.
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпы тәуекел коэффицентінің мәні 0,08-ге тең.
28. Шетел валюталарының айырбастау бағамының (бағалы металдардың нарықтық құнының) өзгеруіне байланысты активтер, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер бойынша тәуекелдің есебі 0,075-ке тең валюталық тәуекел коэффициентінің және мына:
әрбір шетел валютасы бойынша ашық қысқа позициялардың (абсолюттік мәні бойынша) және бағалы металдар бойынша ашық (ұзын немесе қысқа) позициялардың (абсолюттік мәні бойынша);
әрбір шетел валютасы бойынша ашық ұзын позициялардың (абсолюттік мәні бойынша) және бағалы металдар бойынша ашық (ұзын немесе қысқа) позициялардың (абсолюттік мәні бойынша) сомалардың біреуінің ең жоғарғы мәнінің туындысын білдіреді.
Әрбір шетел валютасы бойынша ашық валюталық позиция Нұсқаулықтың 47-тармағына сәйкес есептеледі.
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап валюталық тәуекел коэффициентінің мәні 0,075-ке тең.
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап валюталық тәуекел коэффициентінің мәні 0,08-ге тең.»;
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«31. Операциялық тәуекел 13,3-ке тең келтіру коэффициентінің және соңғы өткен 3 (үш) жыл ішіндегі жылдық жалпы кірістің орташа шамасының және 0,075-кe тең операциялық тәуекел коэффициентінің туындысы ретінде есептеледі.
Соңғы өткен үш жыл ішіндегі жылдық жалпы кірістің орташа шамасы әр жыл сайын банк таза кіріс алған соңғы өткен 3 (үш) жыл ішіндегі жылдық жалпы кіріс сомасының банк таза кіріс алған жылдарың санына қатынасы ретінде есептеледі.
Жаңадан құрылған банктер үшін операциялық тәуекел қаржы жылының аяқталуы бойынша есептеледі және жылдық жалпы кірістің орташа шамасы өткен жылдар санын негізге ала отырып есептеледі.
Жылдық жалпы кіріс:
жиынтық шығыстарды, провизияларды (резервтерді) қалпына келтіруден түскен кірістерді (резервтерді) шегергенде;
жиынтық кірістің, корпоративтік табыс салығының, қамтамасыз етуге арналған қаржының сомасы ретінде айқындалады.
Операциялық тәуекелдің есебіне банк шығын алған, бірақ провизияларды (резервтерді) қалпына келтіруден болған кірістерді шегергендегі қамтамасыз етуге арналған қаржыны есепке алғанда оң жалпы кіріс алынған жыл алынады.
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап келтіру коэффициенті 13,3-ке, операциялық тәуекел коэффициенті – 0,07-ге тең.
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап келтіру коэффициенті 12,5-ке, операциялық тәуекел коэффициенті – 0,08-ке тең.»;
36-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Көрсетілген жағдайларда банк шектеулерден асып кету фактiсi туралы уәкiлеттi органды дереу хабардар етедi және асып кетуді есепті күні және осыдан кейінгі 3 (үш) ай ішінде, ал «Стресстік активтер қоры» акционерлік қоғамының арнайы қаржы компаниясына берілген секьюритилендірілген кредиттердің жиынтық сомасы бойынша шектеуден асып кеткен кезде – ағымдағы және одан кейінгі тоқсан ішінде жою бойынша міндеттемелер қабылдайды. Егер осы асып кету көрсетілген мерзiмде жойылмаған болса, онда бір қарыз алушыға шаққанда тәуекелдің ең жоғары мөлшерiнiң нормативiнен асып кету осы асып кету анықталған күннен бастап осы нормативтiң бұзылуы деп қаралады.»;
45-1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) банкте есепті кезең ішінде кредиторлар мен салымшылар алдында мерзімі өткен міндеттемелер болған кезде;»;
6-3 және 6-4 тараулар алынып тасталсын;
1-қосымша осы Қазақстан Республикасының банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
1-2 -қосымша Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. «Ислам банктеріне арналған пруденциалдық нормативтер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 27 наурыздағы №66 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5670 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ислам банктеріне арналған пруденциалдық нормативтер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықта:
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Меншікті капитал жеке тұлғалар депозиттерінің сомасы мен бухгалтерлік баланстың деректеріне сәйкес 5,5-ке көбейтілген меншікті капиталдың арасындағы оң айырмасын шегергендегі бірінші деңгейдегі капитал мен екінші деңгейдегі капиталдың сомасы ретінде есептеледі.»;
6-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің мәндеріне қосымша ретінде меншікті капитал буферлерінің мынадай мәндері белгіленеді:
консервациялық буферге қойылатын талап тұрақты негізде орындалады және мыналарды:
2015 жылғы 1 қаңтардан бастап – 1 (бір) пайыз;
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап – 1 (бір) пайыз;
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап – 2 (екі) пайыз;
жүйе құраушы банктер үшін:
2015 жылғы 1 қаңтардан бастап – 2,5 (екі бүтін оннан бес) пайыз;
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап – 2,5 (екі бүтін оннан бес) пайыз;
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап – 3 (үш) пайыз;
енгізу мөлшері мен мерзімдерін уәкілетті орган қарсы циклдік буферді есептеу басталған күнге дейін кем дегенде 12 (он екі) бұрын белгілейтін қарсы циклдік буфер. Қарсы циклдік буфер мөлшерінің диапазоны тәуекелдер ескеріле отырып мөлшерленген активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер сомасының 0 (нөл) пайызы – 3 (үш) пайызы аралығын құрайды;
есептеуге қойылатын талаптар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10210 тіркелген «Қаржы ұйымдарын жүйе құраушылар қатарына жатқызу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы №257 қаулысына сәйкес танылған жүйе құраушы банктерге қолданылатын жүйелік буфер. Жүйелік буферге қойылатын талап 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап тұрақты негізде орындалады және тәуекелдерді ескере отырып, мөлшерленген активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер сомасының 1 (бір) пайызын құрайды.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Нарықтық тәуекел ескеріле отырып, активтер, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер 13,3-ке тең сәйкес келтіру коэффициентінің және:
нарықтық құнның өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдары бойынша тәуекел;
валюталардың айырбастау бағамдарының және бағалы металдар бағамдарының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдары бойынша тәуекел;
нарықтық құнның өзгеруіне байланысты тауар-материалдық қорлар бойынша тәуекел сомасының туындысы ретінде есептеледі.
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап сәйкес келтіру коэффициентінің мәні 13,3-ке тең.
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап сәйкес келтіру коэффициентінің мәні 12,5-ке тең.»;
13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Акциялардың немесе акция индексінің нарықтық құнының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдары бойынша ерекше тәуекел 0,075-ке тең ерекше тәуекел коэффициенті бойынша мөлшерленген қаржы құралдары бойынша ашық позициялар (ұзын және қысқа) сомасын білдіреді.
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ерекше тәуекел коэффициентінің мәні 0,075-ке тең.
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап ерекше тәуекел коэффициентінің мәні 0,08-ке тең.
14. Жалпы тәуекел 0,075-ке тең жалпы тәуекел коэффициентінің және белгiлi бiр акциялардың немесе акцияның белгiлi бiр индексінің нарықтық құнының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдары бойынша ұзын позициялар сомасы мен қысқа позициялар сомасы арасындағы айырмасының туындысын білдіреді.
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпы тәуекел коэффициентінің мәні 0,075-ке тең.
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпы тәуекел коэффициентінің мәні 0,08-ке тең.»;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Шетелдік валюталардың айырбастау бағамының (бағалы металдардың нарықтық құнының) өзгеруіне байланысты активтер, шартты және ықтимал талап етулер бойынша тәуекелді есептеу 0,075-ге тең валюталық тәуекел коэффициентінің және мына сомалардың бірінің ең үлкен мәнінің туындысын білдіреді:
әрбір шетелдік валюта (абсолюттік мәндегі) бойынша ашық қысқа позициялардың және қымбат металдар (абсолюттік мәндегі) бойынша ашық (ұзын немесе қысқа) қысқа позициялардың;
әрбір шетелдік валюта (абсолюттік мәндегі) бойынша ашық қысқа позициялардың және қымбат металдар (абсолюттік мәндегі) бойынша ашық (ұзын немесе қысқа) ұзақ позициялардың.
Әрбір шетелдік валюта бойынша ашық валюталық позиция Нұсқаулықтың 46-тармағына сәйкес есептеледі.
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап валюталық тәуекел коэффициентінің мәні 0,075-ке тең.
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап валюталық тәуекел коэффициентінің мәні 0,008-ке тең.»;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Операциялық тәуекел соңғы өткен 3 (үш) жылдағы жылдық жалпы кiрiстiң орташа шамасының 0,075-кe тең операциялық тәуекел коэффициентi мен туындысының және 13,3-ке тең сәйкес келтіру коэффициентiнің туындысы ретінде есептеледi.
Соңғы өткен 3 (үш) жыл iшiндегi жылдық жалпы кірістің орташа шамасы осы жылдардың әр жылы сайын банктiң таза кіріс алған соңғы өткен 3 (үш) жылындағы жылдық жалпы кіріс сомасының банктiң таза кіріс алған жылдарының санына қатынасы ретiнде есептеледi.
Жаңадан құрылған банктер үшiн операциялық тәуекел қаржы жылының аяқталуы бойынша есептеледi және жылдық жалпы кiрiстiң орташа мәні өткен жылдардың саны негізінде есептеледi.
Жылдық жалпы кіріс:
жиынтық шығыстарды, провизияларды (резервтерді) қалпына келтіруден түскен кірістерді шегергенде;
жиынтық кірістің, корпоративтік табыс салығының, қамтамасыз етуге арналған қаржының сомасы ретінде айқындалады.
Операциялық тәуекел есебіне банк шығын болған, бірақ қамтамасыз етуге арналған қаржыны ескергенде, провизияларды (резервтерді) қалпына келтіруден болған кірістерді шегергенде оң жалпы кіріс алған жыл енгізіледі.
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап сәйкес келтіру коэффициентінің мәні 13,3-ке тең, операциялық тәуекел коэффициентінің мәні 0,075-ке тең.
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап сәйкес келтіру коэффициентінің мәні 12,5-ке тең, операциялық тәуекел коэффициентінің мәні 0,08-ке тең.»;
34-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Көрсетілген жағдайларда банк уәкілетті органды дереу хабардар етеді және ағымдағы есепті күнгі және одан кейінгі 3 (үш) айдағы асып кетуді жою жөнінде міндеттемелер қабылдайды. Егер осы асып кету көрсетілген мерзімде жойылмаса, бір қарыз алушыға арналған тәуекелдің ең жоғары мөлшері нормативінің асып кетуі көрсетілген асып кету анықталған күннен бастап осы нормативтің бұзылуы ретінде қарастырылады.»;
45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«45. Банкте есептi кезең iшiнде кредиторлар мен салымшылар алдында мерзiмi өткен мiндеттемелер болған кезде өтiмдiлiк нормативтерi өтiмдiлiк коэффициенттерiнiң орташа айлық негiзде анықталатын есептiк мәндерiне қатыссыз орындалмаған деп есептеледi.»;
9 және 10-тараулар алып тасталсын;
1-қосымша Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
1-2-қосымша Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
3. «Ертерек ден қою шараларын және екінші деңгейдегі банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 17 шілдегі №141 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11987 тіркелген, 2015 жылғы 16 қыркүйекте «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ертерек ден қою шараларын және екінші деңгейдегі банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесін қолдану қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторлар мыналар болып табылады:
1) өтімділік коэффициенттерінің төмендеуі;
2) жеке және заңды тұлғалардан тартылған салымдардың банк міндеттемелерінің сомасындағы үлесінің төмендеуі;
3) банктің несие портфелінің жалпы көлеміндегі негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың ұлғаюы;
4) таза жіктелген қарыздардың меншікті капиталға арақатынасының ұлғаюы;
5) жеке және заңды тұлға клиенттерге берілген қарыздардың негізгі борышының жиынтық көлеміндегі (банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген қарыздарды және «кері РЕПО» операцияларын қоспағанда) кредиттеудің негізгі бағыты (бағыттары) саласы (салалары) бойынша жіктелген қарыздардың өтелмеген негізгі борышы үлесінің ұлғаюы;
6) жеке және заңды тұлға клиенттерге берілген қарыздардың негізгі борышының жиынтық көлеміндегі (банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген қарыздарды және «кері РЕПО» операцияларын қоспағанда) коммерциялық және тұрғын үй жылжымайтын мүлікті сатып алу мен салуға берілген қарыздардың және ипотекалық тұрғын үй қарыздарының өтелмеген негізгі борышы үлесінің ұлғаюы;
7) кредиттер бойынша негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша жеке тұлғалар үшін күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам және (немесе) заңды тұлғалар үшін күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың ұлғаюы;
8) негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік тоқсан күннен астам мерзімі өткен берешегі бар, олар бойынша қалыптастырылған резервтер ескерілмеген қарыздардың банктің несие портфелінің қалыптастырылған резервтер ескерілмеген жалпы көлеміне қатынасының асып кетуі;
9) жіктелген дебиторлық берешектің ол бойынша қалыптастырылған резервтер ескерілмеген жиынтық дебиторлық берешектегі ол бойынша қалыптастырылған резервтер ескерілмеген үлесінің ұлғаюы;
10) жиынтық активтердегі кіріс келтіретін активтер үлесінің азаюы;
11) активтер рентабельділігі коэффициентінің азаюы;
12) таза пайыздық маржаның азаюы;
13) спрэдтың төмендеуі;
14) кірістердің жиынтық сомасына операциялық шығыстардың қатынасының ұлғаюы.
Резервтер деп халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес қалыптастырылған резервтер түсініледі.
Жіктелген қарыздар деп бухгалтерлік есеп деректеріне сәйкес 10 (он) пайыздан жоғары деңгейде резервтер қалыптастырылған қарыздар түсініледі.
Қарыздар есебіне (жіктелген, жиынтық) негізгі борыш сомасы енгізіледі, таза жіктелген қарыздар есебіне қарыздардың (дисконттар (сыйлықақылар), оң (теріс) түзетулер, есептелген сыйақы және олар бойынша құрылған резервтер ескерілген негізгі борыш) баланстық құны енгізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін, Қағидалардың 2-тармағының 8) тармақшасында көзделген фактор мынадай формула бойынша есептеледі:
ТҚ
----- ≥ 10%,
НП
мұндағы:
ТҚ – негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар, олар бойынша қалыптастырылған резервтер ескерілмеген қарыздар (банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген қарыздар, дара кәсіпкерлердің қарыздарын қоса алғанда жеке тұлғаларға берілген қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне берілген қарыздарды қоса алғанда заңды тұлғаларға берілген қарыздар және «кері РЕПО» операциялары).
ТҚ-ға негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік тоқсан күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар, «А-»-дан төмен емес рейтингі (агентств Standard & Poor’s және Fitch рейтингтік агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе «А3»-тен төмен емес (Moody’s Investors Service рейтингтік агенттігінің жіктеуі бойынша) рейтингі бар және банк холдингі немесе банкке қатысы бойынша ірі қатысушы болып табылмайтын банктің осы қарыздары бойынша келтірілген құнсыздануды сөзсіз қамтамасыз ету болып табылатын депозиттің сомасын өтеу енгізілмейді;
НП – қаралып отырған кезеңнің соңындағы ол бойынша қалыптастырылған резервтер ескерілмеген несие портфелі (банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген қарыздар, дара кәсіпкерлердің қарыздарын қоса алғанда жеке тұлғаларға берілген қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне берілген қарыздарды қоса алғанда заңды тұлғаларға берілген қарыздар және «кері РЕПО» операциялары).
Қағидалардың 2-тармаңғының 8) тармақшасында көзделген фактор анықталған жағдайда, банк Қағидалардың 5-тармағында белгіленген талаптарға және мерзімдерге сәйкес уәкілетті органға негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың банктің несие портфелінің жалпы көлеміне несие портфелінің 10 (он) пайызынан аз деңгейге дейінгі қатынасының төмендеуі көзделетін іс-шаралар жоспарын ұсынады. Іс-шаралар жоспарын аяқтау мерзімі фактор анықталған сәттен бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі аралықтағы мерзімнен аспайды.
Банк уәкілетті орган мақұлдаған іс-шаралар жоспарын бірнеше мәрте уақтылы орындамаған кезде меншікті капиталдың жеткіліктілік мәніне 2 (екі) пайыздық тармақты құрайтын қадағалау үстемеақысы қолданылады.
Банк іс-шаралар жоспарын екі мәрте уақтылы орындамаған кезде уәкілетті орган осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген қадағалау үстемеақысына қосымша басқарманың бірінші басшысының іс-шаралар жоспарын орындау үшін жауапты орынбасарының қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету түрінде санкция қолданады.
Банк іс-шаралар жоспарын үш мәрте уақтылы орындамаған кезде уәкілетті орган осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген қадағалау үстемеақысына қосымша басқарманың бірінші басшысының қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету түрінде санкция қолданады.
Осы тармақты орындау мақсаты үшін банктің іс-шаралар жоспарын уақтылы орындауы мыналар болып табылады:
есепті күні Қағидалардың 2-тармағының 8) тармақшасында көзделген фактор мәнінің іс-шаралар жоспарында белгіленген болжамдық мәннен асып кетуі;
іс-шаралар жоспарына енгізілген әрбір өзгеріс.
Есепті күні Қағидалардың 2-тармағының 8) тармақшасында көзделген фактордың нақты мәнінің болжамдық мәннен:
кемінде 10 (он) пайыз;
күнтізбелік 10 (он) күннен аз мерзімнен;
теңгенің шетел валютасына орташа мөлшерленген биржалық бағамының ұлғаюы нәтижесінде соңғы 3 (үш) айда 10 (он) пайыздан көп асып кетуі банктің іс-шаралар жоспарын уақтылы орындамауы болып танылмайды.»;
6-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қайта ұйымдастыру рәсімінен өткен және (немесе) бас банк пен еншілес банк арасында активтер мен міндеттемелерді бірмезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізген банк соңғы 12 (он екі) айдағы ақпарат болған жағдайда, банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер еткен факторларды (Қағидалардың 2-тармағының 8) тармақшасында көзделген факторды қоспағанда) есептеуді жүзеге асырады.».
Қазақстан Республикасының банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 1-қосымша
Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциялық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулыққа 1-қосымша
Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген банк активтерiнiң кестесi
№ Баптар атауы Тәуекел дәрежесi пайызбен
I топ
1 Қолма-қол теңге 0
2 Standard & Poor’s агенттiгiнiң «AA-» төмен емес тәуелсiз рейтингiсі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар елдердiң шетелдiк қолма-қол валютасы 0
3 Тазартылған бағалы металдар 0
4 Қазақстан Республикасының Үкiметiне берiлген қарыздар 0
5 Standard & Poor’s агенттiгiнiң «AA-» төмен емес тәуелсiз рейтингiсі бар немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар елдердiң орталық үкiметтерiне берiлген қарыздар 0
6 Ұлттық Банкке берiлген қарыздар 0
7 Standard & Poor’s агенттiгiнiң «АА-» төмен емес тәуелсiз рейтингiсі бар немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар елдердiң орталық банктерiне берiлген қарыздар 0
8 Standard & Poor’s агенттiгiнiң «AA-» төмен емес борыштық рейтингiсі бар немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар халықаралық қаржы ұйымдарына берiлген қарыздар 0
9 «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына берілген қарыздар 0
10 Ұлттық Банктегi салымдар
11 Standard & Poor’s агенттiгiнiң «АА-» төмен емес тәуелсiз рейтингiсі бар немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар елдердiң орталық банктерiндегi салымдар 0
12 Standard & Poor’s агенттiгiнiң «АА-» төмен емес борыштық рейтингiсі бар немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар 0
13 Қазақстан Республикасы Үкіметінің дебиторлық берешегі 0
14 Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдарының салықтары мен бюджетке төленетін басқа төлемдер бойынша дебиторлық берешегi 0
15 Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ұлттық Банк шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары 0
16 «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры», «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі», «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамдары шығарған бағалы қағаздар 0
17 Standard & Poor’s агенттiгiнiң «АА-» төмен емес тәуелсiз рейтингiсі бар немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерi шығарған мемлекеттiк мәртебесi бар бағалы қағаздар 0
18 Standard & Poor’s агенттiгiнiң «АА-» кем емес борыштық рейтингiсі бар немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар 0
19 Standard & Poor’s агенттiгiнiң «ВВВ» төмен емес ұзақ мерзімді рейтингiсі бар немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар банктерге ашық корреспонденттік шоттар бойынша талаптар 0
20 Тәуекелдің І тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы 0
II топ
21 Standard & Poor’s агенттiгiнiң «АА-» төмен тәуелсiз рейтингiсі бар немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар елдердiң және тиiстi рейтингілiк бағасы жоқ елдердiң шетелдiк қолма-қол валютасы 20
22 Standard & Poor’s агенттiгiнiң «А+»-тан «А-»-ке дейiнгi тәуелсiз рейтингiсі бар немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар елдердiң орталық үкіметтерiне берiлген қарыздар 20
23 Standard & Poor’s агенттiгiнiң «А+»-тан «А-»-ке дейiнгi тәуелсiз рейтингiсі бар немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар елдердiң орталық банктерiне берiлген қарыздар 20
24 Standard & Poor’s агенттiгiнiң «А+»-тан «А-»-ке дейiнгi борыштық рейтингiсі бар немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингiсі бар халықаралық қаржы ұйымдарына берiлген қарыздар 20
25 Қазақстан Республикасының жергiлiктi билiк органдарына берiлген қарыздар 20
26 Standard & Poor’s агенттiгiнiң «AA-» төмен емес тәуелсiз рейтингiсі бар немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар елдердің жергiлiктi билiк органдарына берiлген қарыздар 20
27 Standard & Poor’s агенттiгiнiң «AA-» төмен емес борыштық рейтингiсі бар немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар ұйымдарға берiлген қарыздар 20
28 Standard & Poor’s агенттiгiнiң «А+»-тан «А-»-ке дейiнгi тәуелсiз рейтингiсі бар немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар елдердiң орталық банктерiндегі салымдар 20
29 Standard & Poor’s агенттiгiнiң «А+»-тан «А-»-ке дейiнгi борыштық рейтингiсі бар немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар 20
30 Standard & Poor’s агенттiгiнiң «AA-» төмен емес борыштық рейтингiсі бар немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар ұйымдардағы салымдар 20
31 Тәуекелдің І тобына жатқызылған дебиторлық берешекті қоспағанда, Қазақстан Республикасының жергiлiктi билiк органдарының дебиторлық берешегi 20
32 Standard & Poor’s агенттiгiнiң «AA-» төмен емес борыштық рейтингiсі бар немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар ұйымдардың дебиторлық берешегі 20
33 Standard & Poor’s агенттiгiнiң «А+»-тан «А-»-ке дейiнгi тәуелсiз рейтингiсі бар немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар елдердің орталық үкiметтерi шығарған мемлекеттiк мәртебесi бар бағалы қағаздар 20
34 Standard & Poor’s агенттiгiнiң «А+»-тан «А-»-ке дейiнгi борыштық рейтингiсі бар немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар 20
35 Қазақстан Республикасының жергiлiктi билiк органдары шығарған бағалы қағаздар 20
36 Standard & Poor’s агенттiгiнiң «АА-» төмен емес тәуелсiз рейтингiсі бар немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар елдердiң жергiлiктi билiк органдары шығарған бағалы қағаздар 20
37 Standard & Poor’s агенттiгiнiң «AA-» төмен емес борыштық рейтингiсі бар немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар ұйымдар шығарған бағалы қағаздар 20
38 Банк баланста ұстап тұратын және Standard &Poor’s агенттiгiнің «ААА»-тан «АА-»-ке дейiнгі кредиттік рейтингiсі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі немесе Standard & Poor’s агенттiгiнің ұлттық шәкілі бойынша «kzAAA»-тан «kzAA-»-ке дейінгі рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар секьюритилендіру позициялары 20
39 «Қазақстан ипотекалық компаниясы» акционерлiк қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар 20
40 Тәуекелдің ІІ тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы 20
III топ
41 Тазартылмаған бағалы металдар 50
42 Standard & Poor’s агенттiгiнiң «ВВВ+»-тан «ВВВ-»-ке дейiнгi тәуелсiз рейтингiсі бар немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар елдердiң орталық үкiметтерiне берiлген қарыздар 50
43 Standard & Poor’s агенттiгiнiң «ВВВ+»-тан «ВВВ-»-ке дейiнгi тәуе