FISU тарихындағы ең үздік ойындар болмақ
Бұл күндері Алматыда әне-міне дегенше жетіп келетін Универсиадаға қарқынды құрылыс, қызу дайындықтар жұмысы жүріп жатыр. Алдағы айтулы оқиғаға орай Алматы қаласында Халықаралық студенттер спорты федерациясы (FISU) делегациясының инспекторлық сапары өтті.
FISU кеңесі 2017 жылғы қысқы Универсиада нысандарының дайындығын бақылап, қысқы ойындарды ұйымдастыру комитетінің департамент қызметкерлерімен жұмыс барысындағы кездесулер өткізді.
2017 жылғы қысқы Универсиаданы ұйымдастыру және өткізу жөніндегі дирекция директоры Әсет Әбдуәлиевтің айтуынша, жарысқа дайындық пен оны өткізу бойынша 800 үрдістен тұратын функциялық жоспар әзірленген. Оның ішінде аккредиттеу, спорттық сервис, брендинг, ойын кейпі, еріктілерді дайындау, тасымалдау, медициналық қамту, тарату, тамақтану, жарияланымдар, ашылу және жабылу салтанаттарын өткізу және делегацияларға қызмет көрсету, тағысын-тағылар бар.
– Осындай жағдайда FISU-дың халықаралық сарапшыларының көмегі аса қажет. Өйткені, Қазақстанды ең ірі спорттық шараны нәтижелі өткізу міндеті күтіп тұр. Универсиада – ұлттық жоба, ол 1000 жылдық тарихы бар Алматының атын әлемге танытып, туристік әлеуетін арттырады, – дейді Әсет Әбдуәлиев.
Алматыға бірінші рет келіп отырған FISU вице-президенті әрі Бақылау кеңесінің төрағасы Мариан Дымальски сапар барысында Ұйымдастыру комитетімен маңызды кездесулер өткенін мәлімдей келе, Ұйымдастыру комитетінің есебін тыңдап, басқосуларға көңілі толғанын айта келе, менің осы сапардан алған бірінші әсерім өте жоғары деді.
Сол сияқты Қысқы универсиадалар FISU директоры Милан Августин, ойындарға дайындық белгіленген уақыт бойынша жүріп жатқанын тілге тиек етті. Сондай-ақ, Универсиадаға дайындық кезінде алға қойылған мақсаттардың барлығы үлкен нәтиже беру керектігін атап өтті.
«2017 жылғы Универсиадаға қатысуға ниет білдірген 60-тан астам мемлекет жарыстың ұйымдастыру комитетіне риза болады деген сенімдеміз. Қазақстан – әлем халқына тек бизнеспен емес, спорттық жетістіктерімен де жақсы таныс. Бұл елде Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері жеткілікті. Менің ойымша, Қазақстан Универсиаданы өз деңгейінде, сәтті өткізеді. FISU тарихында Алматы Универсиадасы ең сәтті әрі озық болады деп сенеміз», – деді Қысқы универсиадалар директоры Милан Августин.
Бұдан бөлек, бұл күндері FISU өкілдері Универсиада нысандарының алаңдарын қарап көрді. Атап айтсақ, 12 мыңдық Мұз сарайы, 3 мыңдық Мұз аренасы және Атлетикалық қалашық. Сондай-ақ, жарыс өтетін – Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, «Cұңқар» халықаралық шаңғымен трамплиннен секіру кешені, «Медеу» мұз айдыны, «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты, «Алатау» шаңғы-биатлон стадионы және т.б.
Трентинодағы 2013 жылғы қысқы Универсиаданың спорттық директоры Убальдо Прукер Алматыда өтетін Универсиаданың барлық нысандары анықталған, құрылыс жүріп, жарықтандыру жағы жақсартылып жатқандығына тоқталды.
– Бұл – өте маңызды. Қазіргі таңда далада өтетін спорт түрлеріне көңіл бөлу керек. Өйткені, бұл спорт түрлері ауа райына бағынышты, сонымен қатар, жарықтандыруды талап етеді. Универсиададан кейін артынан мұра қалдыру және тәжірибе жинақтау мақсатында қолұшын беріп жатқан Қазақстан спорт қауымдастықтарына алғысымды білдіремін, – деді халықаралық кеңесші.
Атлеттер қалашығындағы «Пирамида» ғимаратындағы аккредиттеу орталығы спортшылар мен ресми өкілдер үшін өте ыңғайлы болатынын FISU директоры Лоран Бриель де атап өтті.
Қысқасы, Халықаралық студенттер спорты федерациясы (FISU) делегациясының инспекторлық сапарының өкілдерінің пікіріне қарағанда, Алматыдағы Универсиада FISU тарихындағы ең үздік ойындар болмақ.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Биыл Президент тапсырмасымен 141 мектеп ашылды
Білім • Бүгін, 16:16
Димаш Құдайберген 2025 жылғы Чехия хит-шеруінің жеңімпазы атанды
Мәдениет • Бүгін, 16:00
Ғалымжан Кенжебек «Елімай» клубындағы мансабын аяқтады
Футбол • Бүгін, 15:55
Автокөліктерді қай өңір көбірек өндірді?
Экономика • Бүгін, 15:33
Мереке күндері ауа райы 15 градусқа дейін жылынады
Ауа райы • Бүгін, 15:29
1 қаңтардан бастап елімізде не өзгереді?
Қоғам • Бүгін, 15:18
Qarmet-те жаңа буындағы Ахуал орталығы іске қосылды
Аймақтар • Бүгін, 15:07
Мария Хаджиева қызметінен босатылды
Қоғам • Бүгін, 15:02
Алматыда тегін ем-дом жүргізілетін кеселдердің тізімі ұлғайды
Медицина • Бүгін, 15:00
Астанада жүргізушісіз таксилер пайда болады
Елорда • Бүгін, 14:51
Алматыда жүрек трансплантациясын жасатқан науқас отбасына оралды
Медицина • Бүгін, 14:40
Кеншілер әулеті елдегі үздік еңбек династияларының бірі деп танылды
Аймақтар • Бүгін, 14:23
Үздік фельдшерлер марапатталды
Медицина • Бүгін, 14:12
Мәжілісте туризмді қолдау туралы заң жобасы қаралды
Қоғам • Бүгін, 14:02
Көкшетауда жаңа көпбейінді аурухана салынып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 13:46