Өңірде жылына шамамен 14-18 мыңдай автомобиль шиналары жарамсыз болып қалады екен. Оларды қайта өңдеп, кәдеге жарату тәжірибесі дамыған елдерде бар. Өкінішке орай, Қазақстанда кез келген жерлерде тау-тау болып үйіліп жатқан шиналарды кездестіру таңсық емес. Петропавлда жұмыс істейтін «Soltustik rubber recycling» ЖШС озық технологияларды қолдана отырып, ескі қалдықтан өтімді өнімдер жасауға білек сыбана кірісті. Бүгінге дейін кәсіпорын 30 тонна үгінді мен бір мың шаршы метр тақтатасты тұтынушыларға жөнелтті.
Серіктестік басшысы Талғатбек Ғалеевтың айтуынша, экологиялық жағынан таза, сапасы жоғары бұйымдардың пайдалану мерзімі–10-15 жыл. Келешекте белсенділендірілген үгінділер шығару ойластырылған. Ол асфальт төсеміне пайдаланылатын болады. Сонда жолдың беріктігі мен төзімділігі әлдеқайда жақсарады. Бүгінде резеңке шикізаттан алынған өнім балалар алаңдарында қолданылуда. Келешекте төрт түлік малға төсемелер әзірлеу жоспарланған.
Серіктестік «Даму» қоры арқылы 55 миллион теңге несие алып, заманауи қондырғылар мен құрал-жабдықтар орнатқан. Озық технологиялардың күшімен ескі шиналар ірілі-ұсақты үгіндіге айналдырылып, сапалы өнімдер шығарылады.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы

Лионель Месси Испаниядағы футбол клубын сатып алды
Футбол • Кеше
8 миллион теңгеге қандай жаңа көліктер алуға болады?
Қоғам • Кеше
Қытайдан әкелінген көліктерді жүргізу шарттары қандай?
Логистика • Кеше
Бауыржан Әли қарсыласын 57 секундта құлатты
Бокс • Кеше
Қазақстанда ипотеканы өтеудің жаңа ережелері күшіне енді
Ипотека • Кеше
Алматыда су үстіндегі бақ пен EXPO орталығы салынады
Алматы • Кеше
Әскерге шақырту алған кезде не істеу керек?
Әскер • Кеше
Тегін 10 сотық жерді қалай алуға болады?
Қоғам • Кеше