Оқиға • Бүгін, 09:45

Астанада өрттен зардап шеккен әйелдің жағдайы белгілі болды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған өрттен аман қалған әйел есін жиды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада өрттен зардап шеккен әйелдің жағдайы белгілі болды

Қазіргі таңда үш баласынан айырылған ананың жағдайы әлі де ауыр деп бағаланған. Ол жеті тәуліктен бері жансақтау бөлімінде жатыр.

Дәрігер-травматолог Марат Сабировтың мәліметінше, жағдайдың күрделілігі күйік жарақатымен, тыныс алу жолдарының зақымдануымен және интоксикациямен байланысты.

Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты

«Қазіргі уақытта пациент есін жиды, нұсқауларға жауап береді. Барлық қажетті медикаментоздық көмек көрсетілуде. Тыныс алуы жасанды желдету аппаратымен қамтамасыз етілген. Жүрек жұмысы мен артериялық қысымы тұрақты», деді маман.

Алматыда тұрғын үй өртінен төрт адам құтқарылды

Еске сала кетейік, жан түршігерлік оқиға өткен демалыс күндері елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. 15-қабаттағы пәтерден өрт шығып, құтқарушылар 39 жастағы әйелді ғана аман алып қалды. Өкінішке қарай, үш баласы қаза тапты.

Соңғы жаңалықтар