20 Мамыр, 2016

Бүгін Астанада «Музей күні» акциясы болып жатыр (фото)

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20.05.2016 AST-1 АСТАНА. 20 мамыр. Астанадағы ұлттық әскери-тарихи музейде «Музей күні» акциясы болып жатыр. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Онда келушілерге музейдің барлық залына экскурсия ұйымдастырылды. Оларға әскеріміздің және сұрапыл соғыс жылдарының тарихымен танысуға мүмкіндік жасалды. Бүгінгі күні музейдің қорында 6 000 экспонат бар. Музейде еліміздің қазіргі қару-жарақтары,  өткен ғасырдағы соғыс қарулары мен әскери техникалардың экспонаттары қойылған. Жәдігерлер бірнеше залға орналастырылған. Музей –халықтың тарихи-мәдени байлығы жинақталған ең үлкен рухани орталық. Қазіргі заманғы музейлер озық технологиялармен жабдықталған. Келушілерге жаңа жабдықтардың көмегімен көне деректер туралы барлық ақпаратты беру үшін бүкіл жағдай жасалған. Дастан Кенжалин. Дерек, фото: Қорғаныс министрлігі. 20.05.2016 AST-3 ???????????????????????????????????? ???????????????????????????????????? ????????????????????????????????????