20 Мамыр, 2016

Қостанайда тағы да құс фабрикасы салынады

351 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20-05-16-kus fabrikasyҚОСТАНАЙ. 20 мамыр. Облыстың Таран ауданында тағы бір құс фабрикасының құрылысы жоспарланып отыр. Бұл туралы облыстық ауыл шрауашылығы басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Қазір жобаның сметалық құжаттары «Казагрофинанс» акционерлік қоғамында қаралуда. Егер ол қаржыландырылатын болса, келесі жылы құс фабрикасының құрылысы басталмақ. Жобаның бірінші сатысында өндіріс жылына 5 мың тонна бройлер құс етін беретін болады. Ол үшін 4 миллиард теңге инвестиция салынады. Ал екінші кезең 2018 жылға жоспарланған. Онда құс фабрикасының ет өндіру қуаттылығы жылына 20-25 мың тоннаға жетеді. Мұнымен қоса, инвесторы белгілі болған Комсомол құс фабрикасының да тағдыры шешілмек. Болашақ жоба «Алтын қанат 2050» деп аталатын болады. Фабриканы қалпына келтіріп, өндіріске қосқанда жылына 12,5 мың тонна құс етін беретін болады. Бұл үшін 3 миллиард теңге инсвестиция бөлінеді. Қаржының басым бөлігі қарызға алынбақ. Бүгінде инвесторлар тиісті құжаттарын «Казагрофинанс» акционерлік қоғамына қарауға берді. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, фото: egemen.kz.