2016 жылғы 13 сәуір, Астана қаласы
Міндетті теле-, радиоарналар тізбесін бекіту туралы
«Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 12-1) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған міндетті теле-, радиоарналар тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы А.РАУ
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы
2016 жылғы 13 сәуірдегі №368 бұйрығымен бекітілген
Міндетті теле-, радиоарналар тізбесі
№ Теле-, радиоарналардың атауы Тарату аумағы
1 2 3
1. «Қазақстан»
Қазақстан Республикасы
2. «Хабар»
3. «24 KZ»
4. «Балапан»
5. «Білім және Мәдениет»
6. «Kazsport»
7. «Первый канал Евразия»
8. «Астана»
9. «КТК»
10. «МИР»
11. «НТК»
12. «7 арна»
13. «31 арна»
14. «СТВ»
15. «Алматы»
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 16 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13707 болып енгізілді.