21 Мамыр, 2016

«Қажымұқан» катері

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20.05.2016 katerАстана халықаралық көрмесіне қойылады Астанада өтетін халықаралық «KADEX-2016» қару-жарақ пен әскери техника көрмесінде «Гидроприбор» ҒЗИ» АҚ зауыты «Қажымұқан» су жаңа мұз жарғыш катерінің нобайын ұсынады. Катер 2014 жылдан бастап Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің тапсырысы бойынша салына бастаған. Ол өзендерде, су қоймаларында және Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде мұзда патрульдік қызмет атқару үшін арналған. Катердің салмағы шамамен – 151 тонна, суға бату тереңдігі – 1,8 м. Сонымен қатар, «Гидроприбор» ҒЗИ» АҚ көрмеге келушілердің назарына КамАЗ-дың базасын­да жылжымалы стансаны ұсынады. Станса 10 метрге дейінгі тереңдікте әскерилердің су асты операцияларын жасауға арналған. Бұл кәсіпорын «Қазақстан ин­жиниринг» ҰК» АҚ құра­мына кіреді. Институт кеме құ­растыру, мобильді робот тех­ника, сүңгуірлік техника, нави­гациялық жабдық, мұнай-газ секторына арналған техникаларды жасайды. Көрмеде қазақстандық басқа да кәсіпорындар өз өнімдерін көрсетеді. Олар экспортқа тор­педо­­ларды, кеме гидравликасын, за­манауи жылу құралдарын, көздеуіш­терге арналған линзалар мен басқа да құрал-жабдықтарды ұсынады. Биыл көрменің секциялары кеңейтілді. Онда авиациялық техниканы, ұшқышсыз ұшу аппараттары мен ғарыштық технологиялары, құрлық әскерлері мен әскери-теңіз күштерінің қару-жарағы мен әскери техникасы, IT-технологиялары, байланыс жүйелері мен құралдары, әскери сала­дағы робот техникалары қойылады. Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан»