Қостанай облысында Жер кодексіне енгізілген өзгерістерге байланысты халықтың көкейдегі сұрақтарын тыңдау және ұсыныстарына құлақ қою мақсатында облыс орталығында мамыр айының ортасынан бастап Call-орталық ұйымдастырылып, жұмыс істей бастады. Жер мәселесіне самарқау қарамайтын тұрғындар, шаруашылық басшылары, ауылшаруашылық тауарларын өндіріп жүрген кәсіпкерлер, жалпы, облыс тұрғындары жедел телефон желісіне күн сайын қоңырау шалып, өзінің көкейтесті сұрақтарын беріп, ұсыныстарын айтуда.
– Жедел телефон желісінде 8 адам кезекшілік етеді. Оның ішінде екі адам алаңсыз телефон құлағында отырады. Олар түскен сұрақтарды әлгі кезекші мамандарға жеткізеді, олар оған жауап береді. Бұл тұрғындардың жердің сатылуы мен жалға берілуіне қатысты мәселелерді анық, дұрыс түсінуіне мүмкіндік береді, – дейді облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Әбдуов.
Жұмыс істей бастағанына көп болмаса да, жедел телефон желісіне күні бойы көптеген адамдар хабарласады. Мамандардың айтуынша, тұрғындар тарапынан «Қазақстандық азаматтардың ауыл шаруашылығындағы жерлерді жалға алуы жалғасын таба ма?», «Мораторий жалғаса ма?» деген секілді сұрақтар жиі қайталанатын көрінеді. Ал шаруашылық басшылары, жермен тікелей жұмыс істеп отырған азаматтардың жерді сатып алу жөніндегі нақты ұсыныстары да жазып алынған. Сонымен қатар, Call-орталық телефондарына хабарласқан азаматтар тарапынан үй салатын жер мәселесі де жиі сөз болады. Мамандар тұрғындар қойған сұрақтардың барлығына тиісті жауаптар беріп отыр. Ең бастысы, телефон соққан әр тұрғын Жер кодексіне енгізілген өзгерістердің мән-мағынасы, оның жүзеге асырылуы туралы толыққанды түсінік алып жатыр.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,
«Егемен Қазақстан»
ҚОСТАНАЙ

Лионель Месси Испаниядағы футбол клубын сатып алды
Футбол • Кеше
8 миллион теңгеге қандай жаңа көліктер алуға болады?
Қоғам • Кеше
Қытайдан әкелінген көліктерді жүргізу шарттары қандай?
Логистика • Кеше
Бауыржан Әли қарсыласын 57 секундта құлатты
Бокс • Кеше
Қазақстанда ипотеканы өтеудің жаңа ережелері күшіне енді
Ипотека • Кеше
Алматыда су үстіндегі бақ пен EXPO орталығы салынады
Алматы • Кеше
Әскерге шақырту алған кезде не істеу керек?
Әскер • Кеше
Тегін 10 сотық жерді қалай алуға болады?
Қоғам • Кеше