Стахан Белғожаевқа
Ұстамдылық – ұстанымы қашаннан,
Ұлтым, десе хас батырдай жасанған.
Ерге қонып, ел ішінде жетілген,
Мінезі бар туған жерден бас алған.
Ұнатпайтын «бөстекі сөз», «жиынды»,
Көр-жерменен қатырмайтын миыңды.
Өріңе де, төріңе де жарасар
Жүрегі мәрт, жаны жомарт, сыйымды.
Шалқаймаған...
Шайқамаған ырысын,
Саудаламас жүрісі мен тұрысын.
Жүрегіне сыйып кетер бар қазақ:
«Жігіттердің бірі – дара, бірі – шың».
Үгілмейтін, бүгілмейтін ірі адам,
Кеңдігімен шашылғанды құраған.
Ағайынды парасатпен қайырып,
Адамдардың амандығын сұраған.
Тау баласы қиыр кезіп, қой баққан,
Тұлпар мініп, сәйгүлікті ойнатқан,
Өз дәуірін еңбегімен тізгіндеп,
Төккен нұрын Шарын менен Мойнақтан.
Кеудесінде – замананың күй, әні,
Қарқарамен қанаттанған қиялы.
Аспантауды иығымен көтерген
Абыздар мен батырлардың тұяғы.
Сөйлеп кетсе...
Тірі тарих – жылнама,
Айналасы – кіл ардақты, кіл дана.
Арда туған бір перзенті алаштың,
Үлгі болар ініге де, ұлға да...
Қашан көрсең – іс басында жүргені,
Терін төгіп, сақтап үнсіз іргені.
Сабырлы жан татулықты пір тұтар,
Ойы...
Сөзі...
Уақытпен бір демі.
Кісілігі бабалардан бас алған,
Кішілігі үлгі болған қашаннан,
Құтты болсын «сексен» атты сеңгірің,
Күрескер жан!
Адалдықтан қашалған!
Нұрлан ОРАЗАЛИН
Стахан Белғожаевқа
Ұстамдылық – ұстанымы қашаннан,
Ұлтым, десе хас батырдай жасанған.
Ерге қонып, ел ішінде жетілген,
Мінезі бар туған жерден бас алған.
Ұнатпайтын «бөстекі сөз», «жиынды»,
Көр-жерменен қатырмайтын миыңды.
Өріңе де, төріңе де жарасар
Жүрегі мәрт, жаны жомарт, сыйымды.
Шалқаймаған...
Шайқамаған ырысын,
Саудаламас жүрісі мен тұрысын.
Жүрегіне сыйып кетер бар қазақ:
«Жігіттердің бірі – дара, бірі – шың».
Үгілмейтін, бүгілмейтін ірі адам,
Кеңдігімен шашылғанды құраған.
Ағайынды парасатпен қайырып,
Адамдардың амандығын сұраған.
Тау баласы қиыр кезіп, қой баққан,
Тұлпар мініп, сәйгүлікті ойнатқан,
Өз дәуірін еңбегімен тізгіндеп,
Төккен нұрын Шарын менен Мойнақтан.
Кеудесінде – замананың күй, әні,
Қарқарамен қанаттанған қиялы.
Аспантауды иығымен көтерген
Абыздар мен батырлардың тұяғы.
Сөйлеп кетсе...
Тірі тарих – жылнама,
Айналасы – кіл ардақты, кіл дана.
Арда туған бір перзенті алаштың,
Үлгі болар ініге де, ұлға да...
Қашан көрсең – іс басында жүргені,
Терін төгіп, сақтап үнсіз іргені.
Сабырлы жан татулықты пір тұтар,
Ойы...
Сөзі...
Уақытпен бір демі.
Кісілігі бабалардан бас алған,
Кішілігі үлгі болған қашаннан,
Құтты болсын «сексен» атты сеңгірің,
Күрескер жан!
Адалдықтан қашалған!
Нұрлан ОРАЗАЛИН
Лионель Месси Испаниядағы футбол клубын сатып алды
Футбол • Кеше
8 миллион теңгеге қандай жаңа көліктер алуға болады?
Қоғам • Кеше
Қытайдан әкелінген көліктерді жүргізу шарттары қандай?
Логистика • Кеше
Бауыржан Әли қарсыласын 57 секундта құлатты
Бокс • Кеше
Қазақстанда ипотеканы өтеудің жаңа ережелері күшіне енді
Ипотека • Кеше
Алматыда су үстіндегі бақ пен EXPO орталығы салынады
Алматы • Кеше
Әскерге шақырту алған кезде не істеу керек?
Әскер • Кеше
Тегін 10 сотық жерді қалай алуға болады?
Қоғам • Кеше