Жуырда елордадағы Тұңғыш Президент музейінде Санкт-Петербург концерттік хорының (Смольный соборының камералық хоры) бағдарламасы аясында «Жаңа көзқарас. New Vision» фотосуреттер көрмесінің ашылу рәсімі өтті.
Көрмені Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті музейінің директоры Алма Сағынғали ашып берді. Содан соң Ресейдің халық әртісі, «Исаакий соборы» мемлекеттік ескерткіш-музейінің директоры Николай Буров сөз алып, Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың нығая түсетініне сенімі зор екендігін, сондай-ақ құр қол келмей, Астана тұрғындарына көрме ала келгендерін айтып, музей қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.
Жиында атақты хор ұжымдарының бірі – Санкт-Петербург концерттік хоры өнер көрсетті. Хор 1991 жылы құрылған екен. Байқағанымыздай, аталған хордың вокалдық орындау мәнерінде еуропалық жеңіл дауыс ырғағы мен нағыз орыс халқына тән дауыс тембрі әдемі үйлесім тапқан.
Бұл жолы біз Санкт-Петербургте болмасақ та, өзімізді сол бір ғажап қаланың тұрғынындай елестеттік. Өйткені, музейге қойылған «New Vision» фотосуреттер көрмесі өте әсерлі және шынайы шыққан. Көпшілік назарына ұсынылған тамаша суреттер келген қонақтардың ерекше таңданысын туғызбай қоймады. Осы жоба барысында қала тұрғындары мен қонақтары Санкт-Петербургті жаңа қырынан танып, қаланың заманауи тынысын және классикалық дәстүрлер көркемдігіне бай өмір ырғағымен жақынырақ танысуына мүмкіндік алды.
Мұндағы түпкі мақсат – Санкт-Петербургке және қаланың көрікті жерлеріне, сондай-ақ, бірегей тарихи-көркемдік кешен – төрт собор музейі: Исаакий соборы, Христостың қайта арылу ғибадатханасы («Спас на крови»), Смольный соборы, Сампсониев соборларына деген жас фотосуретшілердің өзіндік көзқарасын көрсету болса, сол мақсат орындалды деп білдік.
Раушан ТӘУІРХАНҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

Лионель Месси Испаниядағы футбол клубын сатып алды
Футбол • Кеше
8 миллион теңгеге қандай жаңа көліктер алуға болады?
Қоғам • Кеше
Қытайдан әкелінген көліктерді жүргізу шарттары қандай?
Логистика • Кеше
Бауыржан Әли қарсыласын 57 секундта құлатты
Бокс • Кеше
Қазақстанда ипотеканы өтеудің жаңа ережелері күшіне енді
Ипотека • Кеше
Алматыда су үстіндегі бақ пен EXPO орталығы салынады
Алматы • Кеше
Әскерге шақырту алған кезде не істеу керек?
Әскер • Кеше
Тегін 10 сотық жерді қалай алуға болады?
Қоғам • Кеше