21 Мамыр, 2016

Қалықтайды қанаттар

384 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елордада «Кескіндеме және графика» үйірмесі мүшелерінің қатысуымен «Музей әлеміне сая­­хат» атты балалар көркемсурет көрмесі ашылды. «Шебер» студиясының «Кескіндеме және графика» үйірмесінің жетекшісі Мұхтар Байбосынов көрменің ашылуында мұндай іс-шаралар өңірлердегі өнерлі балаларды қолдауда айтарлықтай рөл атқаратынын айта келіп, балауса қылқалам шеберлерінің туындыларына жан-жақты тоқталып өтті. – Бүгін көпшілік назарына мұнда 40-қа жуық сурет ұсынылып отыр. Бұлардың барлығы балалардың жүрегін жарып шыққан жұмыстар. Олардың өнер биігінен көріне беруі үшін осындай іс-шараларды әрі қарай да жалғастыра беруі­міз керек. Оқушылар өздерінің ұшқыр қиялдарымен Қазақстандағы бейбітшілікті, тұрақтылық пен тыныштықты бейнелеген, – деді М.Бай­босынов. Ұлттық музейде өткен көрмені ұйымдас­тырудағы бас­ты мақсат оқушылардың шығармашылық ізденістеріне баға беріп, жасөс­пірімдердің эстетикалық тәрбиесін қалып­тастыру болып табылады. «Егемен-ақпарат»