21 Мамыр, 2016

Мемлекеттік қызмет институтының маңызы

556 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Мемлекеттік қыз­мет істері министрлігоның қоғамдағы орны мен рөлін арттыру мәселелерінен көрінеді Жақында Алматы қаласында Қазақ­стан Республикасының Мемлекеттік қыз­мет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаменті, Қазақстан Рес­публикасының Білім және Ғылым министр­лігі ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» республикалық мемлекеттік меке­месі, Алматы қаласының Білім, Денсау­лық сақтау, Жұмыспен қамту және әлеу­меттік бағдарламалар, Қаржы, Мәде­ниет басқармалары мен Алматы қаласы­ның халыққа қызмет көрсету орталықтары ұйымдастырған конференция болып өтті. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәде­ниет – мемлекеттік мүлікті басқару тиім­ділігін қамтамасыз ету, мемлекеттің әлеумет­тік-мәдени функцияларын іске асыру негіздерінің бірі» деген тақырыпта өткен конфе­ренцияға қатысушылар Мемле­кет бас­шысы Нұрсұлтан Назарбаев ұсын­ған бес инс­титуттық реформаны іске асырудағы «100 нақты қадам» Ұлт Жоспа­рының негізі мемлекеттің тұрақтылығы мен табыстылығын сақтай отырып, «Қазақстан-2050» Стратегиясының мақ­сат­тары мен міндеттерін орындауға қатыс­ты өз ойларымен ортақтасты. Конференция жұмысын кіріс сөзбен ашқан Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Бақтияр Камалов өзінің сөзінде конференцияның негізгі мақсаты білім, ғылым, денсаулық сақтау, квазимемлекеттік секторларда халыққа қызмет көрсету салаларында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттің әлеуметтік-мәдени қызметтерін жүзеге асырудың ашықтығы туралы айтып өтті. Сондай-ақ, ол сыбайлас жемқорлыққа немқұрайлы қарауды жою қазақстандықтардың бойында патриоттық сезімін оятып және рухани-адамгершілік тәрбие жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыратынын атап көрсетті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қо­ғамда саясат пен мәдениетті қалып­тас­тырудың басты міндеттері мен мақсат­тары жемқорлықтың негізгі мазмұнын тек қана құқықтық емес, рухани-адамгершілік тұрғыдан да тыйым салынатын көріністерін, мемлекеттік қызмет институтының маңызын, оның қоғамдағы орны мен рөлін арттырады. Аталған  конференцияда қоғамдағы жемқорлық жағдайларды туғызатын себептерді бірлесіп анықтау және жою, әкімшілік кедергілерді азайту бойынша кешенді шараларды жүзеге асыру әрбір қазақстандықтың міндеті екені атап айтылды. Бұл мәселелерде мемлекеттік қызметшінің ынтасы мен кәсіби деңгейін арттыра отырып, өзіне жүктелген кез келген міндеттемелерді жүзеге асыруда оңтайлы шешім қабылдай алады. Сондықтан, жаңа қабылданған заңдар бойынша мемлекеттік қызмет саласын өз деңгейінде жетілдіріп, қазіргі талапқа сай халыққа сапалы әрі тиімді қызмет көрсетуде маңызды рөл атқарады. Шарафаддин ӘМІР, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ