Спорт • Бүгін, 18:05

Таеквондошылар төртінші жүлдеге қол жеткізді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ташкентте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде Қазақстанның таеквондошылары тағы бір жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Таеквондошылар төртінші жүлдеге қол жеткізді

68 кг салмақ дәрежесінде сайысқа түскен Алидар Әбдукәрімов бастапқы бәсекелерде Дамар Уолкер (Ямайка), Ахмад Дахамшех (Иордания), Марк-Дэниэль Юманды (АҚШ) ұтқанымен, жартылай финалда өзбек Аюбхон Нәбиевке есе жіберді. Нәтижесінде қандасымыз қола медальді қанағат тұтты.

Балуандарымыз Бішкектегі Азия чемпионатында жеті жүлде алды

Бұл – біздің команданың қоржынына түскен төртінші жүлде. Алидарға дейін Айым Серікбаева (44 кг) алтын алса, Ерасыл Ерзат (48 кг) пен Ислам Медетбай (55 кг) қолаға қол созды.  

Соңғы жаңалықтар