21 Мамыр, 2016

Ұлыбританияның танымал ғалымдары

550 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстанда семинар-тренинг өткізуде Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Мем­лекеттік басқару саласындағы зерттеу­лердің қазіргі әдістері» тақыры­бында семинар-тренинг басталды. Семи­н­ар-тренингті Ұлыбританияның танымал ғалымдары Колин Нокс пен Карл Джон О’Коннор өткізіп жатыр. Ұлыбританияның қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар ұлттық академия­сының халықаралық гранты шеңберінде ұйымдастырылған осы іс-шараға Мем­лекеттік басқару академиясының профес­сорлық-оқытушылар құрамы, ғылыми қыз­мет­керлері және докторанттары қатысуда. Биылғы жылдың 18-21 мамыры күнде­рі семинар тыңдаушыларына мемлекет­тік саясат және басқару саласын­дағы жетекші еуропалық сарапшылар – Ұлы­бри­танияның Солтүс­тік Ирландия­дағы Ольс­тер университетінің қоғамдық саясат профессоры Колин Нокс пен Ольстер университетінің кримино­логия, саясат және әлеуметтік саясат мек­тебінің оқытушысы Карл Джон О’Коннор дәріс береді. Профессор Колин Нокс Қытай, Ресей, Латвия, Грузия, Бангладеш сияқты көптеген елдерде мемлекеттік се­к­торды реформалау саласы бойынша зерт­теулер жүргізген. Ал профессор Колин Нокс 2016 жылдың 26 мамырында Астана эконо­микалық форумы аясында өтетін «Инс­титуттық реформаларды табыс­ты жүзеге асырудың кәсіби мемлекет­тік аппараты» атты әлемдік конферен­ция­ға негізгі спикерлердің бірі ретінде қатысады. Семинар-тренинг барысында брита­ниялық сарапшылар мемлекеттік қызмет және басқару саласында ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу тәжірибесін ортаға сала­ды, зерттеу мен модельдеудің инновация­лық әдістері, әлеуметтік сауалдама, сұх­баттасу, фокус-топтар секілді сапалық және сандық талдаудың қазіргі әдістемесі туралы айтады. «Егемен-ақпарат»