Қандай кәсіптің басында жүрмесін, жер үніне құлақ түріп, онымен бірге тыныстай білетін жандар аз емес. Іссапар барысында, Астрахан ауданында Жібек Сейілова деген кісімен таныстым. Кезінде экономика, есеп саласында, мемлекеттік қызметте істеп, абырой арқалағаны көрініп тұр. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алған. Жасы біршамаға келген кісі. Соған қарамастан, «Шілікті» деген жауапкершілігі шектеулі серіктестікті басқарады екен. Бұған да он жылдай болыпты... Жылы сәлемдесуден кейін жақсы бір әңгіменің желісі тартылып сала берген.
– Бұндай қадамға не үшін бардыңыз? Байқаймын, Алланың бергені, өзіңіздің тергеніңіз жетіп жатқандай көрінеді.
– Қазақы қалпымызды қастерлеуден. Анау бір жылдары тарихи отандарына көшушілер көбейіп, ауылдың шеті сетіней бастаған еді. Бұл елге де, жерге де белгілі дәрежеде әсер етті. Еңсе көтеру керек болды. Біздің қатарластарымыздың көбісі орысша оқыдық. Одан жамандық көрген жоқпыз. Алғашында «Шілікті» шаруа қожалығын күйеуім құрған. Біраз жылдан кейін, менің экономист мамандығым кәдеге жарады.
– Көзіқарақты адамсыз, кейбіреулер кезінде тәрбиеленген ауылдарының жұртын таба алмай жатады. Уақыт өктемдігі солай дейік. Бірақ, жер гүлдеп, жүректерді лүпілдетіп тұруы керек. Жердің киесі дегеніміз осы емес пе?
– Дұрыс айтасыз. Адам баласының тағдыры жермен байланысты. Ол – тіршіліктің тірегі. Диқандарымыз көктемгі дала жұмыстарына кірісер шақта ойламаған жерден жер сатылады екен деген әңгіме шыға келді. Бұл талқылануға жатпайтын дүние ғой. Өйткені, ертеңнің қамындағы халықпыз. Бірақ, азды-көпті пайлары барлар жер үлесі саудаға түсе ме деп алаңдағанын көрдік. Қалай дегенде де, бұл артық сөз.
– Қазір заманға баға беру емес, заман ағымына алаңдаушылық белең алып тұрғанын өзіңіз жақсы білесіз. Әйел кәсіпкер ретінде, жерді не қыламыз, біреулер айтып жүргеніндей, сату деген әңгіме біздің тіршілік пайымымызға келе ме?
– Қазақ бұған дейін саудадан айтақаларлықтай пайда айырған емес. Біздің халқымыз Ұлы Жібек жолын ашу арқылы ынтымақтың ортақ пайымын белгілеген. Қақпамыз өріс кеңіту үшін ашылған. Сауданың тілі осында деп білеміз. Бірақ, өзгелерге саудаға қойылмайтын қастерлілеріміз бар. Соның ең қасиеттісі – жер. Сондықтан, бұл ешқандай негізі жоқ әңгіме. Жердің табиғатын түсініп, үніне құлақ түрген кісі мұндайды айтпайды.
Елбасымыздың мынадай сөздерін ұмытпайық: «Соңғы уақытта шетелдіктерге Қазақстанның жері сатылмақ деген жалған ақпараттардың үздіксіз жариялануынан жер мәселесіне қатты назар аударылып отыр. Бірнеше мәрте түсіндірілді, мен де бұл шындыққа сәйкес келмейтіндігін айттым. Тағы да бір мәрте айтқым келеді, ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдік азаматтар мен компанияларға сату туралы мәселе тұрған жоқ және талқыланбайды да. Бұл тақырыптағы алыпқашпа сөздер негізсіз».
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жер кодексінің кейбір баптарына тоқтау салуы осыдан.
– Сонда, кейбіреулердің «шөптің басын қимылдатып» жатқаны несі?
– Байыбына бармай байбалам салатындарға таңым бар. Жермен бірге тыныстап жүргендер, еліміздің ырысын еселеп жүргендер мұндайды айтпақ түгілі ойына да алмайды. Сондықтан, бауырларымның парасат биігінде болуын қалар едім.
Халыққа кінә тағудан да аулақпын. Жерге қатысты мәселеде абай болуымыз керек. Елбасымыз жауапты орындарға ескертпелер жасауы осыдан. Тіпті, кадрлық тұрғыда адал қадамдарға барды. Біздің халқымыздың бұдан тиісті қорытынды жасайтынына сенемін.
– Сіз анасыз. Жаңа механизаторлардан сұрастырсам, «апамыз алқаптармен амандасып жатады» дегенді айтып жатыр...
– Асырып айтады ғой, қулар. Әйткенмен, асыраушымызды аялап жүрсек, мейір-шапағатын аямайды. Оның құнарын арттырып, нәрлендіріп отыруымыз керек. Жер ыңғайына сай біздің егістік алқабымыздың құнарлылық бонитеті 36 балды құрайды. Көрші Сандықтау ауданында 85 балдық жерлер бар. Соған қарамастан, еншіміздегі 5339 гектардың егістікке қойылған 4124 гектарының әр айналымынан былтыр 12 центнерден астық алдық. Сапасы жоғары. Осы жағынан ұтамыз. Сондықтан, жерді күту арқылы қайтарым алып отырмыз деуге болады.
Түйіндей келгенде, жер экономикалық айналымда болуы керек. Жердің шетелдіктерге сатылмайтыны анық. Оны жалға беру – нағыз иесін белгілеу деген сөз. Мәселен, біздің Шілікті ауылында біршама шаруа қожалықтары болған еді. Ұқыпты пайдалануға шамалары жетпеді. Ақыры мемлекеттік қорға қайтарылған. Біз мұны конкурстық әдіспен 49 жылға жалға алдық. Қазір ЖШС дәрежесіндеміз. Барлық қаражатымыз өндірісті дамытуға салынып жатыр. Мемлекеттік бағдарламалар да өрісімізді кеңітетіні анық.
Әңгімелескен
Бақберген АМАЛБЕК,
«Егемен Қазақстан
Ақмола облысы

8 миллион теңгеге қандай жаңа көліктер алуға болады?
Қоғам • Бүгін, 23:00
Төлем нарығындағы өсім: 1 млрд-тан астам транзакция өңделді
Банк • Бүгін, 22:30
Қытайдан әкелінген көліктерді жүргізу шарттары қандай?
Логистика • Бүгін, 22:05
Бауыржан Әли қарсыласын 57 секундта құлатты
Бокс • Бүгін, 21:45
Ормұз бұғазы ашылды: Иран маңызды теңіз жолын қайта іске қосты
Әлем • Бүгін, 21:30
Қазақстанда ипотеканы өтеудің жаңа ережелері күшіне енді
Ипотека • Бүгін, 21:00
Алматыда су үстіндегі бақ пен EXPO орталығы салынады
Алматы • Бүгін, 20:30
Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысты
Президент • Бүгін, 20:05
Әскерге шақырту алған кезде не істеу керек?
Әскер • Бүгін, 19:55
Тегін 10 сотық жерді қалай алуға болады?
Қоғам • Бүгін, 19:45
Алматыда хайуанаттар бағында арыстанға тас лақтырған ер адамға айыппұл салынды
Оқиға • Бүгін, 19:20
Анталия дипломатиялық форумы: Қазақстанның халықаралық рөлі қандай?
Форум • Бүгін, 19:06
Жетісуда полицейлер көлік өртін сөндіріп, адамдарды құтқарды
Оқиға • Бүгін, 19:00
«Ұлы дала: Тұран өркениеті» халықаралық зерттеу орталығы ашылды
Ғылым • Бүгін, 18:40
Таеквондошылар төртінші жүлдеге қол жеткізді
Спорт • Бүгін, 18:05