22 Мамыр, 2016

Қазақстан боксшы қыздары әлем чемпионатын сәтті бастады (фото)

171 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
23.05.2016 AST-1 АСТАНА. 22 мамыр. Астанада бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Әлем чемпионатының алғашқы күндері Қазақстан құрамасынан Назым Қызайбай (48 кг), Жайна Шекербекова (51 кг), Римма Волосенко (60 кг), Зарина Цолоева (64 кг) мен Валентина Хальзова (69 кг), Виолетта Князева (75 кг), шаршы алаңға шықты. Бұл жекпе-жектерде Римма Волосенко мен Юлдуз Маматкуловадан басқаларының бәрі жеңіске жетті. Назым Қызайбай Польшаның өкілі Анжелика Гронсканы жеңді. Кездесуде ең жеңіл салмаққа қайта ауысқан әлем чемпионымыз қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. Назым 2014 жылғы әлем чемпионатынан кейін 51 килоға дейінгі салмақта қолғап түйістіріп жүрген болатын. Келесі салмақта Жайна Шекербекова да аргентиналық Клара Лескуратты 3:0 есебімен тізе бүктірді. 60 кило салмақта Римма Волосенконың жолы болмады. Ол бірінші жекпе-жекте даниялық Ивонна Расмуссеннен ұтылды. 64 кило салмақтағы Зарина Цолоева вьетнамдық Ха Ти Линнен, 69 килода Валентина Хальзова кореялық Химин Нодан басым түсті. 75 килоға дейнігі салмақта Виолетта Князева кішігірім сенсация жасады деуге болады. Әлемдік додалар мен халықаралық турнирлерде көп көзге түсі бермейтін отандасымыз Сингапурде өткен Олимпиаданың қола жүлдегері австралиялық Кэйтлин Паркерге ешқандай мүмкіндік қалдырмай, айқын басымдықпен ұтты. Юлдуз Маматкулова (-81 кг) ресейлік Любовь Пашинамен кездесіп, жеңіліп қалды. Енді рингке тағы үш  боксышымыз шығады. 54 килодағы Дина Жоламан жарысқа екінші айналымнан бастап қатысады. Ол румыниялық Нечита мен германиялық Вахнердің арасындағы кездесудің мықтысымен кездеседі. Сол сияқты 57 кило салмақтағы Айжан Қожабекова украиналық Малована мен венгр боксшысы Ксомбордың арасында өтетін жекпе-жектің жеңімпазымен айқасады.  Ал 81 килодан аса салмақтағы Ләззат Күнгейбаева әзербайжан Айнур Рзаева мен үнді Сима Пунияның арасындағы айқастың жеңімпазымен бокстасады. Дастан Кенжалин. Дерек, фото: kfb.kz 23.05.2016 AST-3 23.05.2016 AST-2 23.05.2016 AST-4