22 Мамыр, 2016

Қытай студенті Ванкуверден 31 млн. долларға особняк сатып алды

350 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

22-05-16-china_stud

АСТАНА. 22 мамыр. Қытайдың фуэрдай деген ат алған жаңа жас буынды миллионерлері қатарына жататын бір студенті Канаданың Ванкувер қаласында 31 миллион долларға керемет особняк сатып алды. Бұл туралы «Лента.ру» ақпарына сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. Жасы 20-дан жаңа асқан студентте бұл қайдан жүрген байлық? Агенттік тілшісі бұл сұрақтың жауабын Аспанасты елінен шыққан бір топ жастың Instagram әлеуметтік желісіндегі аккаунтынан тауыпты. Мұның өзі «қытай коммунизмі» деп аталатын нарық жүйесінің арқасында мүмкін болып отыр. Қап түбінде алтын кездік жатпайды. Қытайдың жас бай азаматтары – фуэрдайлар туралы ақпарлар баспасөз беттерінде кейінгі кездерде оқтын-оқтын көрініп қалып жатады. Мәселен, 2012 жылы елдегі жоғары лауазымды шенеуніктің ұлы өзінің Ferrari 458 Spider көлігімен жол апатына түсіп қалған кезде бұл фактіден бір хабар білінді. Сол сияқты 2016 жылы екі жас жігіттің Бейжіңдегі тоннельде суперкарларымен «кездесіп қалуларынан» соң фуэрдайлардың кім екендері туралы тағы әңгіме қозғалды. Ал мұндай жағдай қытай қоғамында әрдайым ашу-ыза мен наразылықтың дауылын бір соқтырып өтіп тұрады. Осыған байланысты ҚХР төрағасы Си Цзиньпин халықтың тілегіне орай шенеуніктер мен бизнесмендер балаларының мінез-құлықтарын ұдайы бақылауда ұстап тұруға уәде берді. 2016 жылдың мамырында мұндай балалардың телевидениедегі әлдеқандай бір реалтит-шоуларда көрінулерін тыйым салынды. Бұдан бөлек, бас хатшы «алтын баулы жастарды» юаньнің қадірін білуді үйренуге шақырып, 70 фуэрдайды еңбек-тәрбие лагеріне жібертті. Си сондай-ақ арнайы департамент қызметкерлеріне миллиардерлер балаларының өмірлерін ұдайы бақылауда ұстап, оларды тура жолға салып отыруды тапсырды. Бірақ бәрібір Instagram-ды алдай алмайсың: фуэрдайлардың ісі тоқтаған жоқ. Талғат Райымбек. Дерек, фото: Лента.Ру.