23 Мамыр, 2016

Ертіс өзеніне шіркейлерді жоятын дәрілер құйылды (фото)

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
23-05-16-rekaПАВЛОДАР. 23 мамыр. Павлодардағы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің хабарлауынша, биыл өзендегі шыбын-шіркейді улауға 30 тонна бактицид жұмсалмақ. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлайды. Құрамында биологиялық бактериялары бар дәрі-дәрмектер 2002 жылдан бері қолданылып келеді. Жыл сайын залалсыздандыру жұмыстары 17-20 мамыр аралығында өткізіледі. Өзенге құйылатын 20 тонна бактицид 100 километрге есептелген. Биологтардың айтуынша, өзенде бұрын шіркейдің алты түрі болды, ал қазір тек қана үшеуі қалыпты. Ал дәрі-дәрмектердің адамдар үшін зияны жоқ. Залалсыздандыру жұмыстарына облыс бюджеттен 134 миллион теңге бөлінген. «Нұрбелес» серіктестігі мен әкімдік 131 миллион теңгеге келісімшарт жасасқан. Қалған 10 тоннасы да алдағы күндері құйылады. Мысалы, «Сандерс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі күніне екі рет зерттеумен айналысып, шіркейдің көп шоғырланған жерлерін анықтайды. Облыс орталығындағы саябақтарда да өңдеу жүргізіледі. Фарида Бықай. Дерек: egemen.kz. Фотоны: Валерий Бугаев. 23-05-16-reka 1 23-05-16-reka 2 23-05-16-reka 5